4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,
... оның пікірінше, ... ,оның айтуынша, ..., кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып бағалау
Жаңа сөздер
Емен, қайың, терек, тоғай, тамыр, аялау
Алдыңғыбілім
Ақылды аң
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Мұғалім оқушылардың сабаққа назарын аударып, тақырыппен танысуы үшін тақтаға үлкейтіп жазылған сөздерді іліп қояды. Оқушыларға осы сөздерді оқып, сабақ тақырыбын анықтау туралы нұсқау береді. Мәселен, балаларға таныс сөздердің ішінен өсіру,суқұю,егусөздерін жазуды сұрайды. Оқушылар тарапынан гүл өсіру, өсімдік туралы немесе ағаш туралы дегендей жауаптар күтіледі. Оқушылар тақырыпты болжап айтқаннан кейін, мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлап, сабақты бастайды.
5 мин
Мұғалім-сынып
Негізгі бөлім
Бұл сабақта оқушыларға оқылым ретінде мақаладан үзінді ұсынылады. Оқушылар әдетте оқитын мәтіндерінің жанрын ажырата білу үшін мақала мәтіні арнайы алынған. Балаларға лексикалық тақырыпқа орай сұрақтар қоя отырып мәтіннің жанры туралы да қосалқы мәлімет өте жеңіл, тіпті жанама беріледі. Өте үстіртін оқушылар мақаланың қайда жарияланатыны туралы түсінік алуы мақсат етіледі. Тақырыпты одан әрі өрбіту үшін, оқушылардың сөздік қорын мейлінше кеңейту үшін
«Араларыңызда кім ағаш егіп көрді?» деген сауалды тастап, талқылатуға болады. Тәжірибесі бар балалар қол көтеріп, тәжірибелері туралы қысқаша баяндайды. «4.2.3.1*белгілібіртақырыптасұхбаттасубарысындашағынмәліметті(4-5сөйлем)баяндау,керібайланысорнату,сөйлеустилінсақтау,дауысырғағынкелтіріпсөйлеу»оқу мақсатын жүзеге асырады.
7 мин
топпен
Келесі кезекте мұғалім оқушылардың назарын оқулыққа аударып, оларға жаңа сөздерді таныстырады. Жаңа сөздерді таныстыруға оқулықтағы сөздер мен суреттер арқау болады. Оқулықта жаңа сөздерді бекітуге жаттығу берілмегендігін ескеріп, мұғалім өз тарапынан жаңа сөздерді қолдануға ұмтылдыратындай тапсырма құрастыруына болады. Мұндай тапсырма ұсынылмаған жағдайда да сабақтың әдістемелік сапасына еш нұқсан келмейді, жаңа сөздердің қолданысының үлгісі алдағы оқылатын мақала ішінде көрсетіледі.