Сабақтың тақырыбы
|
Ақылды аң. (3-тоқсан, 6-тарау). 89-сабақ
|
Дағды
|
Айтылым, тыңдалым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
|
Лексикалық минимум
|
Үйір, басшы, жалғыз, із қалдыру, қоректену
|
Алдыңғы білім
|
Ұсыныс білдіремін
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Мұғалім сабақтың кіріспе бөлімінде тақтаға қасқырдың суретін іліп, оқушыларды ол туралы ой картасын толтыруға шақырады. Оқушылар 1- сыныптан бергі жинақтаған бар біліміне сүйеніп қасқыр туралы сөз қозғайды. Мұғалім «Қасқыр туралы фильм көргендерің бар ма?» – деп сұрау арқылы балалардың ойлау өрісін, ізденісін кеңейте алады. Тіптен қасқырдың түр-сипатын айтқызудың өзі оқушының тілін дамытады.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
|
Негізгі бөлім
|
«Жаңа сөз үйренейік» айдарымен берілген тапсырма. Келесі кезекте оқушыларға оқулықтың нақты бетін ашуды ұсынып, оларға жаңа сөздер таныстырылады. Оқулықтағы суреттерге қарап әр сөздің мағынасы түсіндіріледі. Мәселен, «із» туралы түсіндіргенде, оны пысықтау үшін оқушыларға таныс жануарлар мен құстардың ізін көрсетіп, ажыратқызуға болады. Немесе өздерінің (табан іздерін) ізін ақ қағазға түсіртіп, детектив ойынын ойнатуға болады.
|
7 мин
|
Топпен
|
|
«Жаттығайық» айдарының тапсырмасы. Оқулықта ұсынылған келесі тапсырма оқушылардың үйренген жаңа сөздерін қолдана білуге, пайдаға жарата білуге бағытталған. Мұғалім оқулықта берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін әлі де болса жаттығудың кемдігін сезінсе, өз тарапынан үлестірме материал жасау арқылы немесе қосымша мысалдар ұсыну арқылы балалардың білімін жетілдіреді.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
|
«Көрсетейік және айтайық» айдары арқылы оқушылардың суретке зер салуы сұралады. Оқушылар қасқырлардың неге үйірімен жүретіні туралы ойланады. Суретке қарап, көшті бастайтын басшының қайсысы екенін болжайды. Суретке қатысты сұрақтарды қою арқылы мұғалім оқушыларды жетелеп отырады. Талқылау барысында оқушылардың сөздік қорының жеткіліксіздігі байқалуы мүмкін. Мұндай кезде мұғалім тарапынан қолдау көрсетіліп, жаңа сөздердің мағынасы қосымша түсіндіріледі.
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Сұрақтар
|
|
Оқулық бойынша келесі тапсырма «Тыңдайық және жауап берейік» айдарымен берілген. Бұл тапсырма оқушылардың осы тапсырмаға дейін болжап сөз еткен ойларын нақтылап, түсіндіреді. Оқушылар осы тапсырмаға дейін атқарған ауқымды жұмыстарының нәтижесінде тыңдалым мәтінін оңай түсініп отырады. Тыңдалым мәтіні соңынан берілген сұрақтарға жауап беру үшін тыңдалым мәтінін қайталап тыңдатқан жөн. Осы тапсырма аясында «4.1.4.1 *тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау» оқу мақсаты жүзеге асады.
Мәтінді тыңда және жүргізіп оқы. Өз болжамыңды тексер.
Қасқырлар өте ақылды. Олар топтасып өмір сүреді, бірін-бірі қорғайды. Жорыққа шыққан кезде ең алдында кәрі, ауру қасқырлар жүреді. Қалған қасқырлар алға шықпайды. Осылайша кәрі қасқырлар топтан қалып қоймайды. Олардан кейін ең мықты қасқырлар жүреді. Қалған қасқырлар ортада болады. Ал қатардың соңында тағы бір топ күшті қасқырлар жүреді. Ең соңында топтың басшысы жалғыз болады. Ол топты бақылап жүреді. Қасқырлар да табиғатқа пайдалы. Олар, көбінесе, әлсіз, ауру аңдарды ұстайды.
|
|
|
Аудиодиск
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |