Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет240/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Оқиық» айдарымен оқушыларға «Нұрғали ағаның бағы» атты оқылым мәтінін оқу тапсырылады. Оқушылардың түсінбейтін, білгісі келетін сөздері тұрғысында мұғалім үнемі қолдау көрсетіп отырады. Оқулықта берілген тапсырманың шарты бойынша мәтіннің жалпы мазмұнын ұғыну ғана көзделеді. Алайда сынып оқушыларының қабілеті жоғары болып жатса, тапсырманы тереңдету, түрлендіру мұғалімнің еркінде болып табылады. Мәселен, мәтінді бірінші рет оқығанда оның жалпы мазмұнын ғана сұраумен шектелуге болады. Ал мәтінді екінші мәрте оқуға ұсынып, ондағы таныс сөздерді теріп жазуды тапсыру оқушының бұрыннан бар білімін қайта жаңғыртуға, ол сөздердің айтылуы мен жазылуын еске түсіруіне зор ықпалын тигізеді. Мұғалім тапсырманы одан бетер күрделендіруді ойласа, таныс емес сөздерді сөздіктің көмегімен немесе мұғалімнің қолдауымен түсініп, олармен сөйлем құрау тапсырманың пайдалылық қасиетін арттыра түсетін болады. Осы тұста мұғалім мақаланың құрылымына, яғни оның тақырып аты мен авторы болатынына және мақала соңында немесе басында оның жазылған мерзімі болатынына оқушылардың көзін жеткізе түсіндіру маңызды екенін ұмытпағаны абзал.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




Оқулықта берілген «Оқиық және жауап берейік» айдарымен сұрақтар ұсынылады. Бұл тапсырма оқушының мақала мазмұнын қаншалықты меңгергенін бағамдауға көмектеседі. «4.3.4.1 * мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру» оқу мақсаты іске асады.













Оқушыларға ұсынылатын келесі тапсырма мақала бойында кездескен сандармен байланысты өрбиді. Болжалдық сан есім туралы оқушылардың білімі мен түсінігі орнығады.













«Жаттығайық» айдарымен ұсынған тапсырма практикалық жұмысқа арналған. Оқушылар өткен тақырыбын қайталайды. Ұсынылған сөйлемдер арасынан болжау мағынасын игерген сандарды теріп жазады.










Қорытынды

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы арқылы сабақ қорытындылана түседі. Мұнда да оқушылар сан есімдерге ден қояды. Оқулықта ұсынылған мәтінді оқып, түсінгені бойынша сурет салады. Салған суретін оқушы өзгелермен салыстырады. Ал осы тапсырмаға жалғас тұрған «Ойнайық» тапсырмасы арқылы оқушылар өз қиялдарындағы бақшаларының суретін салып, ол туралы айтып беретін болады.

3 мин

Сынып-мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет