Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет322/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

өзгеру, кезінде жаңа сөздерін қолданып, сөйлеп үйренеміз.

2 мин

Мұғалім-сынып

Телефон

«Көрсетейік және айтайық» айдары бойынша оқушыларға суреттер ұсынылады. Олар суреттерге қарай отырып, қай суретте қандай өзгерістер байқалатынын айтып береді. Бұл ретте «Не өзге?» ойынын ойнатуға болады. Оқушылар суреттердегі заттардың пішіні, сырты, безендіруі, ыдысы, түр-түсі т.б. қасиеттеріне қарай қандай өзгерістер байқағандықтарын әңгімелеп суреттейді.

3 мин

Топтық жұмыс

Суреттер

Негізгі бөлім

«Қолданайық» тапсырмасында «Өзгеру» мен «даму» сөздерінің мағынасын оқушылар мұғалім көмегімен ажыратады. Сөздікті қолдана отырып мағынасын меңгереді. Берілген суреттер арқылы бұрынғы қалпы мен өзгерген заттар қалпын салыстыра байқап, байқампаздық қасиеттерін
жетілдіреді.

5 мин

Жеке

Сөздіктер



Келесі «Сөйлесейік» айдарында интернетте отырған кейіпкеріміз арқылы болашақта адамдар үйде отырып бағасы көрсетілген тағам не заттарды тұтына алатынына көз жеткізеді. Бұған таңғалмасқа болмайтынын қасындағы бала таңданысынан бейнелеп көрсетеді. Мұнда болашақтың ауылы алыс емес екенін және қазірдің өзінде интернет дүкендері
қолданыста барынан мұғалім оқушыларға қосымша ақпараттар бере алады.

5 мин

Мұғалім- сынып

Интернет байланыс




Келесі «Тыңдайық және жауап берейік» айдарында оқушыларға ішінде жаңа сөздер көп қатысқан диалогті тыңдауға ұсынады. Онда диалогпен таныса отырып, оны жаңа сөздермен толықтырады.
Қажет сөздер: тапсырыс, даму, ақпарат, хабарлама, жәшік
Бұнда кейіпкерлердің сөйлесуі арқылы оқушыларға болашақтағы даму өзгерістерінің қандай дәрежеге дейін болатынын таныту көзделеді. Оқушылардың көздерін жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет