«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушыларға А4 парағы және түрлі түсті қарындаштар таратылып беріледі. Әр оқушы өз үйінің жобасын сызып, өз үйіндегі заттардың қайда тұратынын жазады, айтып береді. Көршісімен алмастырып,
жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады.
|
5 мин
|
Жұптық жұмыс
|
А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар
|
Қорытынды бөлім
|
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға әр бөлмеде тұратын заттар суреті беріледі. Оқушылар «фотоколлаж» әдісін пайдаланып, қай заттың қай бөлмеге тиесілі екенін айтып береді. Бұл тапсырма біріншіден, оқушының қызығушылығын тудырса, екіншіден, суретке қарап сөйлеу арқылы оқушының айтылым дағдысы дамиды. Әр топқа бөлмелерді бөліп, бөлмеге сай суреттерді жапсыруға тапсырма беруге болады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын қорғап шығады.
І топ – асүй, ІІ топ – қонақ бөлмесі, ІІІ топ – ұйықтайтын бөлме. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағаласа,
оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
3 мин
|
Сынып-мұғалім
|
Фотоколлажға қажетті суреттер
Түрлі түсті стикерлер
|
|
Рефлексия
Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтағы ең ұнаған екі нәрсе туралы жазады.
|
2 мин
|
|
|
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс
орнатудың маңызы зор.
|
Бағалау
|
Бағалау критерийлері
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс
орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Көптік/тәуелдік/септік/жіктік
жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
|
Дескрипторы
Оқушылар бөлмелер туралы, ондағы заттар туралы айтады.
Тәуелдік жалғауының жекеше және көпше түріндегі жалғауларды қолдана біледі.
|
Қосымша ақпарат
|
Рефлексия
|
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
|
|
Бүгін оқушылар нені үйренді?
|
|
Оқыту ортасы қандай болды?
|
|
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
|
|
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?
|
Достарыңызбен бөлісу: |