Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет95/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Көмекші робот. (1-тоқсан, 2-тарау)
28-сабақ

Дағды

Грамматика және тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/презентацияны
сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Таныстыру

Алдыңғы білім

Шегіртке мен құмырсқа

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезең

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға интерактивті тақтадан роботтардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар роботтар туралы өздері білетін мәліметтермен бөліседі. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Оқушылардың назары оқулықтағы суреттерге аударылады. Оқушылар оқулықтағы суреттер бойынша диалог құрастырады. Мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында роботтар туралы қызықты мәліметтерді айтуына болады. Робот – әртүрлі әрекеттер жасайтын мәшине. Ол адам қажетіне еңбек ететін күрделі құрылғы. Мұғалім оқушылардың жұптық сөйлесімдерін
тыңдайды, оқушыларды «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Роботтардың суреттері




«Көрсетейік және айтайық» айдарымен берілген оқулықтағы алғашқы тапсырма оқушылардың сурет бойынша болжам жасап, оқиға желісін баяндаулары үшін ұсынылады. Оқушылар өз болжамдарын ортаға салып болғаннан соң жұп құрап, диалог
құрастырады. Сынып алдында өз диалогін оқиды.

5-7 минут







Негізгі бөлім

«Ойланайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған. Сөйлемдерді аяқтау үшін тірек сөздерді
қолданады. Оқушылар сөйлемдерді аяқтау арқылы өздерінің ойларын дәлелдейді, айтылым дағдылары дамиды.
Робот ағаштан бұйым жасай алады. Демек, ол – шебер. Робот тоңазытқышты көтере алады. Демек, ол –....
Робот тамақ пісіре алады. Демек ол –...
Робот футбол ойнай алады. Демек ол –...
Осы тапсырманы орындау барысында

5 мин

Жеке жұмыс

Оқулық


«Есте сақтайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жіктік жалғауының ережесі ұсынылады. Оқушылар жіктік жалғауын қолданыстық тұрғыдан меңгереді. Мұғалім оқушыларға бірнеше сөздерді береді, олар сөздердің соңғы әріптеріне қарай жіктік жалғауын дұрыс жалғап, жаттығады. Мұғалім оқушыларды тексереді,
кері байланыс орнатады.







Оқулық

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар жіктік жалғауына байланысты білімдерін бекітеді. Оқушыларға кесте беріледі, оқушылар кестедегі жалғауларды ережеге сәйкестендіреді.
а) Келесі тапсырмада оқушылар көп нүктенің орнына тиісті
жалғауларды қойып, өз мысалдарын ойлайды. Бұл тапсырма оқушыны қисынды ойлауға, жіктік жалғауын дұрыс қолдана білуге
дағдыландырады.
ә) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой. Өзің мысал ойлап жалғастыр.

  1. Мен күшті..., мықты... . Ауыр затты көтере аламын.

  2. Мен ақылды. Кітап оқи аламын.

  3. Мен еңбекқор. Үй жинай аламын, тамақ пісіре аламын.

10 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет