Қазақ тілі және әдебиеті ббб курстық жұмыс Оқу пәнінің атауы: Тақырыбы: Жетекші оқытушы: Студент



бет3/10
Дата02.06.2024
өлшемі159,5 Kb.
#203098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
курсовая работа с.есим

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.⁠ ⁠САН ЕСІМНІҢ СӨЗЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ

Сан есім есімдер тобынан жататын,заттың санын,мөлшерін,ретін, шамасын білдіретін сөз табы.Сан есімнің басқа сөз таптары секілді сонау түркі заманынан бергі келе жатқан тарихы бар. Ежелгі грамматикалардың бәрінде де сан есімдер кыскаша болса да сөз болды. Мысалы, Н.И. Ильминскийдің, А. Казембектің, М. Терентьевтің, П. М. Мелиоранскийдің, В.В. Катаринскийдің, С.В.Ястремскийдің, Н.Ф.Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде карастырылган.


Кеңес дәуіріндегі түркологтар еңбектерінде де сан есім жайында пікірлер бар. Мысалы, А. Боровковтың (12) окулығында сан есімнің екі түрі көрсетілсе, Н. П. Дыренкованың грамматикасында (15) төрт түрі берілген. Бірак бүл грамматикаларда ‘*<сан ‘есімнің семантикалық жактарына қарай бөлінуін бірінші орынға койғанмен, ол элементарлы түрде кысқа ғана түсіндіріліп, барлык колдану ерекшеліктері толык жэне жан-жақты қамтылмай баяндалган(55, 8).”
Қазак тіл білімінде сан есім жеке сөз табы ретінде алғаш мектеп грамматикасының көлемінде карастырылды. Қазақ мектептерінде қазак тілін пэн ретінде үйрететін окулық- А. Байтұрсыновтың окулыктары болды. Оның “Тіл-құралдары” (үш кітап) қазақ тілінің фонетикалык және грамматикалык кұрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген окулықтар еді. Ғалымның 1914 жылғы бірінші “Тіл-кұрал” оқулығында сан есім жеке сөз габы ретінде көрсетілген. Онда сан есімге мынадай анықтама берілген:“Неше? канша? деген сұрауға жауап болатын һэм нэрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз (7,163).” Ал 1915 жылғы екінші “Тіл-кұралда” сан есімге катысты мағлұматтар кеңейтіліп баяндалған. Бұл кітапта “Сан есім нэрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер (7,222),”-деген анықтама беріліп, сан есімнің есептік (оны іштей жай жэне жадағай деп екіге бөлген), реттік, темілдік (казіргіше бөлшектік сан есім) деген түрлері көрсетілген.
Қазақ тіл білімінің ғалымдары I. Кеңесбаев, К. Аханов, А. Ыскаков, Н. Сауранбаев, М. Балақаевтардың грамматикалык окулыктарында да сан есімдердің мағыналық топтары, жасалу жолдары туралы пікірлер камтылды.

1954 жылы шыққан қазақ тіл білімінің фонетика, лексика жэне грамматика мәселелерінен жан-жакты маглұмат беретін “Қазак тілі” атты еңбекте сан есім жайында аздаған мэлімет берілді.


Сан есім кейініректе арнаулы диссертациялық зерттеу объектісі болып, ол жөнінде Ә. Хасеновтің жеке еңбегі (1957) жарияланды. Ғалым өз зерттеуінде түркі тілдеріндегі сан есім категориясының зерттелуіне шолу жасай келіп, сан есімдердің лексика-семантикалық ерекшеліктеріне токталып, лексикалык жағынан сан есімдер түркі тілдерінің туыстығын айқын таныта аларлык категорияның бірі болып табылатындығын және сан атауларының түрік тілінде сөйлейтін халықтармен бірге жасап, көне заманнан бермен карай колданылып келе жаткандығын айтқан. Сан есімдерді семантикасына карай есептік, реттік, жинақтык-с>бстантивтік, топтык, бөлшектік, болжалды-шамалық деп алты түрге бөліп, әркайсысына жеке- жеке тоқталған. Одан эрі сан есімнің морфологиялық ерекшеліктерін баяндай отырып, сан есімдердің жеке сөз табы ретіндегі ең басты айырмашылыгы-сан есімдер не аффикстену, не баскаша тэсілдер аркылы баска сөз таптарынан жасалмайтындыгын (30) дәлелдеген. Сонымен бірге сан есімнің синтаксистік қызметін де сипаттаған.
1964 жылы казак тіліндегі есім сөздерді түгел камтыған проф. А. Ыскаковтың “Қазіргі казак тілі” (морфология) атты монографиялык еңбегі жарык корді. Осы еңбегінде ғалым сан есімді жеке сөз табы ретінде жан-жакты сипаттай келіп, сан есімдердің жасалу жолына карай қосылмалы жэне көбейтілмелі болып келетіндігін тіл фактісіне сай тұжырымдаган(65, 283).
“Грамматикаларда” де сан есімнің жеке сөз табы ретінде лексика- семантикалык, морфологиялык, синтаксистік жагынан карастырылуында алдыңғы еңбектермен үндестік байкалады.
Ал сан есімнің сөзжасамы кейінгі кезде арнайы зерттелді.1988 жылы профессор Н.Оралбаеваның “Қазіргі казак тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі” атты еңбегі жарық көріп, онда сан есім сөзжасамының негізгі тәсілдері, олардың сөзжасам жүйесійен алатын орны, аткаратын кызметі айгылып, сан есімнің әр семантикалык тобының жасалуы, күрделі сандардыц жасалу модельдері көрсетілді.
Сан есім сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері- зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есім жэне етістіктер. Осы тұрғыда галым Т. Сайранбаев (48) зерттеуінде сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А. Елешева фразеологизм кұрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне тоқталған (19).
Ал сан есімнің сөзжасамына келетін болсам,аналитикалық тәсілге қарағанда тіліміздегі сан есімдердің синтетикалық тәсілмен жасалуы өнімсіз, себебі бар: сан есімге қатысты сөз тудырушы жұрнақтар саны көп емес. Сан есім бұл жағынан өзге сөз таптары сияқты, мәселен зат есім, сын есім, етістік сияқты, сөз таптарымен теңесе алмайды. Тіпті сөз тудырушы қосымшалары аз деп саналатын үстеу сөз табынан да бұл жағынан кейінгі орында. Солай бола тұрғанымен де сан есім сөзжасамына тән бұл ерекшіліктің бастауы өте ертеде жатыр. Сонысына қарамай бірлі жарым сандардың құрамында мұндай қосымшалар аз да болса кездеседі. Айталық, бірлік сандар атауының құрамындағы –ты,-ті, -ыз, -із қосымшаларының алты, жеті, сегіз, тоғыз сандарын қай мағынадағы сөзден жасағанын нақты айту қиын болғанымен, оларды сөз тудырушы жұрнақтар ретінде танытатын пікірлер де бар. Осыған орай сан есімге қатысты белгілі бір сандық атауды тудырушы қосымша ретінде осыларды айтумен ғана шектелеміз [5,21].
Негізінен, сан есім сөзжасамында синтетикалық тәсіл оның семантикалық топтарын жасаушы қосымшаларға қатысты түсіндіріледі. Сан есімнің сөз тудырушы жұрнақтарын өзге сөз таптарына мағына жағынан ерекшеленеді дегенде, осындай сипатын алға қоямыз. Бұлар да белгілі бір деңгейде қандай да бір мағына туғызатын сипатқа ие: Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жағалама? (Ғ.Мұстафин). Осындағы төртеу және жетеу – синтетикалық тәсілмен жасалған сан есімдер. Оларға негіз болып тұрған – төрт және жеті сан есімдері. Мәселе төртеу мен жетеу сандарының мағынасында жинақтық-заттық мағынаның барлығында, ал төрт және жеті деген сөздерде мұндай жинақтық-заттық мағына жоқ. Бұлардағы жай ғана сандық ұғымның үстіне –еу жұрнағы арқылы үстеме мағына қосылған, яғни негіз сөзінің мағынасы айтарлықтай кеміген. Мұндағы текті негіздің мағынасының негіз мағынасынан кем болуы осындай қағиданы әрқашан берік ұстанушы сөзжасам теориясына сәйкес. Мысалдағы төртеу және жетеу сөздері арқылы берілетін мағына осы теорияға бағынған. Енді реттік сан есімдерге тоқталайық: Екіншісі – жан (Ғ.Мұстафин). Қызым бірінші класта оқиды (С.Мұқанов). Осылардан бір, екі деген есептік сандардан бірінші және екінші деген реттік сан есімдердің жасалғанын көруге болады. Мұндағы негіз сөз де, негізді сөз де бір сөз табынан. Алайда негізді сөздердегі бірінші, екінші деген реттік мағына негіз сөздердің (бір, екі) мағынасының үстінен қосылуы арқылы жасалған. Сол себепті негізді сөздерде негіз сөздердің мағынасымен бірге реттік мағына да бар. Десек те реттік мағына – кейіннен пайда болған мағына, сондықтан бұл тұстағы негіз сөз бен негізді сөздің мағынасының бірдей еместігін ескеру орынды. Бұлай болу, шындығында, заңды да,
Осы тұста синтетикалық тәсіл негізінде бірінші сандық ұғым өзгеріп, мүлдем басқа сандық ұғым туа ма деген заңды сұрақ болары сөзсіз. Осы ретте жоғарыдағы төртеу, жетеу, бірінші деген сөздердің бәрінде негізгі сандық ұғымгың өзгермейтіндігін, оларға тек үстеме мағынаның ғана қосылатынын ескерген жөн. Сонымен, осы сияқты ерекшеліктер сан есімнің синтетикалық тәсілмен жасалуына қатысты екен. Осыған орай біз сан есімнің синтетикалық тәсілін мағына түрлендіруші, құбылтушы топқа жатқыздық. Сан есімнің семантикалық топтары, түптеп келгенде, осылардан туындайды.
Жоғарыда айтып өткенімдей,сан есімнің мағыналық топтарын алтыға бөліп көрсеттік.Сан есімнің мағыналық топтарына Н.Оралбаева әрқайсысының сөзжасамына тоқталып өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет