Қазақ тілі және әдебиеті ббб курстық жұмыс Оқу пәнінің атауы: Тақырыбы: Жетекші оқытушы: Студент



бет6/10
Дата02.06.2024
өлшемі159,5 Kb.
#203098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
курсовая работа с.есим

5. Топтық сан есімнің сөзжасамы
Сан есімнің бұл семантикалық тобының да өзіне тән қосымшасы бар. Алайда көне замандардан бері келе жатқан –ер жұрнағы ның қатысуымен қазақ тілінде бірер деген жалғыз-ақ сөз жасалады. Бұл жұрнақтың қызметі қазақ тілімен салыстырғанда өзге түркі тілдерінде анағұрлым өнімдірек. Мұның бір қатар түркі тілдерінде (татар, башқұрт, түрік, қарақалпақ т.б.) –ар, -әр дыбыстық варианттарымен бірге -сар, -сер, -шар, -шәр деген варианттары және бар. Қазақ тілінде топтық сан есімнің –ер қосымшасы негізінде бір ғана сан есім жасалатын болса, өзге түркі тілдерінде бұл семантикалық топ біздікіне қарағанда өнімдірек. Мұнан жоғарыдағы қосымшалардың аталған тілдердегі қолданылуы жайы байқалады, яғни оларда топтық санға негіз болатын есептік сандар қазақ тілімен салыстырғанда баршылық екен. Мәселен, кей түркі тілдерінде осы жұрнақтар негізінде онға дейінгі есептік саннан топтық сан есім жасалса, тіпті кейбірінде олар оннан әрі қарайғы күрделі сандарға да қосылады. Сонымен, көптеген түркі тектес халықтар тілінде өнімді жұмсалатын бұл жұрнақтың қазақ тілінде бір ғана дыбыстық варианты сақталып, оның өзінде жалғыз-ақ сөз құрамындағы өнімсіз жұрнаққа айналған түрінде айта қоярлықтай топтау мағына да қалмаған.
Сондықтан қазіргі қазақ тілінде топтық сан есім жасауға қатысатын ең өнімді жұрнақ ретінде шығыс септіктік қосымшасы аталып жүр. Алайда шығыс септіктің бұл қосымшасы сөз тудырушы сипатқа ие емес, оның грамматикалық сипаты байланыстырушылық қызметінен ғана көрінеді [14,79]. Десек те шығыс септіктің бұл қосымшасы есептік санға жалғанғанда, өзінің синтаксистік қызметінен ауытқиды. Яғни әдепкі есептік санды сөйлемде келесі бір сөзбен байланыстырмай, оған топтау мәнін үстейді: Күніне үштен, төрттен бордақы семіз қойларды сойғызып, үйткізеді (М.Әуезов). Неге екені белгісіз, Сикорский келген жігіттерді жиырмадан топтап бөле бастады (Ғ.Мүсірепов). Абай бұл үйге кіргенде, әр үстелдің айналасында екіден, үштен отырып, кітапқа үңілген жандарды байқады (М.Әуезов). Бір күн отырып, төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырды (М.Әуезов). Сол күні екі жақтан үшеуден алты кісі шақыртып алды (М.Әуезов).
Осылар сияқты, топтық сан есімдер шығыс септік жалғауы арқылы қайталама қос сөзден тұратын болжалдық сан есімдерден де жасала береді: Дәулетінің молдығы Нұртазаны жүз орап алатын Әлти жалшыны екіден-үштен емес, елуден-алпыстан жалдайды (С.Мұқанов). Жүз-жүзден шоғырланып аттанған жігіттер Амантай қосын айнала қоршаған кезде, туды Темірбекке ұстатып, Амантай да атқа мінді (С.Мұқанов). Жиренше мен Оразбай қастарына бес-бестен кісі алып, жақын отырған Керец мен Сыбанды екеуі екі жақтан аралап шықты (М.Әуезов).

Сан есімнен кейін тіркескен өлшем мағынасындағы га, кг; метр, пұт, литр, центнер т.б. сөздерге шығыс септіктің жалғауы қосылу арқылы да топтау саны, топтау ұғымы жасала береді: Алдағы жылда гектарына екі жүз центнерден астық аламын (Ғ.Мұстафин). Гектарынан жүз жиырма бес центнерден алғанда, тары басын көтере алмай құлап қалған (Ғ.Мұстафин).


Өзінің жасалуына негіз болған есептік сандардың дара не күрделі болуына қарай топтық сан есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі сандар болып екіге бөлінеді. Мәселен, он+нан, жүз+ден, алты+дан, төрт+тен, бес+тен, жеті+ден, тоғыз+дан, жиырма+дан, отыз+дан, қырық+тан, алпыс+тан, сексен+нен, жиырма тоғыз+дан, отыз үш+тен, алпыс сегіз+ден, тоқсан алты+дан, жүз отыз сегіз+ден, екі жүз қырық үш+тен, екі+екі+ден, төрт+төрт+тен, он+он+нан, жиырма+жиырма+дан, елу+елу+ден, жүз+жүз+ден [12,57] т.б.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, топтық сан есімдер шығыс септік жалғауы арқылы кез келген есептік сандардан жасала береді, яғни оны жасайтын есептік сандардың шегі мен құрамына, егер –ер жұрнағының қатысымен жасалғандай жағдай болмаса, ешқашан шектеу қойылмайды. Топтық сан есім құрамындағы шығыс септік жалғауы ең өнімді тәсіл болуымен қтар, өзінің бастапқы грамматикалық мағынасы бұл тұста ешқандай да маңызға ие емес, бір сөзбен айтқанда, ол қосымша негізгі грамматикалық мағынасынан біржола айырылған, яғни онда қимыл-әрекеттің басталар нүктесін білдіру мағынасынан жұрнақ та қалмайды. Сонымен, топтық сан есімінің құрамындағы шығыс септіктің қосымшасы өз мағынасынан ажырап, қандай да бір заттардың сан-мөлшерін топтап көрсететін жаңаша сипатқа ие болған және осы қосымша тұлғалы сөз сөйлемде, негізінен, мекен пысықтауыш немесе толықтауыш қызметін атқарса, топтық сан есім құрамында келу арқылы синтаксистік қызметі қимыл пысықтауышына ауысқан. Мына сөйлемдердегі шығыс септік тұлғалы сөздерді салыстырып көрейік: Қаладан келді, жақсыдан – шарапат. Олар он бес-жиырмадан келеді. Осындағы шығыс септік тұлғалы қаладан сөзі сөйлемде мекен пысықтауышы болса, жақсыдан сөзі толықтауыш қызметінде, ал он бес-жиырмадан сөзі сын-қимыл пысықтауыш қызметінде тұр.
Сондай-ақ топтық сан есімдер ешқашан да сөз түрлендіруші қосымшалармен түрлене алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет