Қазақ тілі және әдебиеті ббб курстық жұмыс Оқу пәнінің атауы: Тақырыбы: Жетекші оқытушы: Студент



бет2/10
Дата02.06.2024
өлшемі159,5 Kb.
#203098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
курсовая работа с.есим

Курстық жұмыс мақсаты: Сан есімдердің сөзжасамы,олардың зерттелуі мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау..
Курстық жұмыстың міндеттері:
-сан есімнің сөзжасамын айқындау;
-мағыналық топтарын ашу; сөзжасам саласындағы сан есімнің сөзжасамына,оның мағыналық топтарына,түрлеріне мән беру.
-Cан есімнің жасалуындағы синтетикалық және аналитикалық тәсілдері егжей-тегжейлі қарастыру. Мұнымен бірге сан есімнің есептік, реттік, жинақтық, топтық және болжалдық, бөлшектік деген семантикалық топтарының жасалу жолдарын зерттеу.
-сан есімнің жеке бір сөз табы болып бөлінуін талдау.
Курстық жұмыстың.зерттеу нысаны мен дереккөзі. Зерттеу нысанына ғылыми теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды.Соның ішінде,А.Ысқақов,Н.Оралбаева,C.Исаев,Қ.Жұбанов,Жұбанов.Қт.б ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Курстық жұмыстың жазылу әдісі – жинақтау, жалпылау, талдау, салыстыру, саралау, тұжырымдау.
Курстық жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
І К і р і с п е
Сөзжасамның жалпы мәселелері
Негізінен сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Казак тіл бiлiмiнде сөзжасам саласы соңFы жылдары Fана зерттеу нысанына айналFан жас сала ретінде танылады. АлFашкы еңбек 1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жYЙесi» деген атпен жарык көрдi [1]. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды.Бұл сала әрі пән Fылыми-теориялык, эдiснамалык негiздерi толыFымен дәлелденiп керсетiлдi.
Қай тіл болмасын оның қалыптасу,даму негіздемесі бары анық.Сол секілді қазақ тіліде ғасырлар бойы дамып,қазіргі таңда қазақ халықының ұлттық тілі дәрежесіне жетті.Және қазіргі кезде көп дыбысты,көп буынды тілге айналып отыр.Осы заңдылықтардың бәрін изерттейтін сала-сөзжасам.Сондықтын да сқзжасам тіл біліміндегі басқа салалармен тығыз байланысты.
Тіл біліміндегі сөзжасамның негізгі объектісіне ең күрделі деген мәселелер жатады. Олар: сөз жасаушы тәсілдер, туынды сөздер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына мен жалпы сөзжасам мәселесінің сөз таптарына қатысы. Сонымен, сөзжасам тіл біліміндегі сөз жасау процесіне қатысты заңдылықтар мен құбылыстарды түгелдей дерлік қамтиды.
1984 - 1988 жылдары А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зерттеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Ғалымдардың соңғы жетістігіне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді. Монографияны Тіл білімі инситутының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М. Балақаев, А. Қалыбаева, Қ. Есенов, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, С. Нұрқатов. Монография екі бөлімнен тұрады: 1) сөзжасамның жалпы мәселелері,2)сөз таптарының сөзжасамы.
Ұлттық тіл біліміндегі сөзжасам жүйесі бүгінгі күні әбден қалыптасқан, осыған орай грамматиканың жеке бір саласы ретінде қарастырылуда. Ол уақыт талабына сәйкес тілдің даму тарихында қоса дамып, бұған дейін қаншама даму кезеңдерінен өтіп, қазіргі кездегі қалыптасқан жүйелі күйге күрделеніп, екшеліп, қырналып, қысқасы, әбден толығып барып жеткен. Дәлірек айтсақ, ғасырлар бойғы дамудың нәтижесі тілімізде әбден орныққан күрделі де жүйелі сөзжасамды қалыптастырған.
Сөзжасам қай тілде болмасын, ертеден келе жатқан тілдік құбылыс болып есептеледі. Бұған түркі тілдерінің ең көне деген жазба ескерткіштерінің тілі – дәлел. Онда өйткені негізгі түбір сөздер ғана еме, туынды сөздердің де бар болғандығын зерттеу жұмыстары жоққа шығармайды. Мұндай туынды сөздер ертедегі ескерткіштер тілінде туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде ұшырасып жатады. Мәселен, жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жасау (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы (күнтүз, Темірқапығ, Қара құм, Ілтеріс, арқыш-тіркіш, секіз он, йеті йуз) жүзеге асады, осымен бірге бір ғана сөздің өзге бірнеше мағнада жұмсалуы да сөзжасам жүйесінде қарастырылады.
Сөзжасам жүйесі көне замандардан бері қарай үнемі дамып, күрделеніп, қазір әбден қалыптасқан, бірақ ол даму тоқталады деген сөз емес. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін құбылыс болғандықтан, оны біршама тұрақты деп санағанмен, ондағы болып отырған үздіксіз даму, сандық өзгеріс ретіндегі жылдамдық оның әр саласының қызметі әр дәуірде құбылып тұратын жоғарыда анық байқалды. Ұзақ уақыт ішінде өзгерістен өтіп, әбден қалыптасқан қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі бар, ол өмірде пайда болған барлық жаңа заттарды, жаңа құбылыстарды, жаңа ұғымдарды атауды қамтамасыз етеді, сол үшін қызмет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет