Қазақ тілі және әдебиеті ббб курстық жұмыс Оқу пәнінің атауы: Тақырыбы


«Қызыл жебе» романындағы Т.Рысқұлов бейнесі



бет4/5
Дата02.06.2024
өлшемі103,5 Kb.
#203099
1   2   3   4   5
Байланысты:
курсовой

2..«Қызыл жебе» романындағы Т.Рысқұлов бейнесі
Əр халықтың даму тарихында өзінің адал еңбегімен, ерен ерлігімен ел тарихының төрінен орын алатын жекелеген азаматтар болатыны ежелден мəлім. Қазақ жеке мемлекет болғалы ұлт тұтастығы мен тəуелсіздігі жолында талай «тар жол, тайғақ кешуден» өткен атпал азаматтарымыздың болғаны біздер үшін мақтанып, əрі тарихымыз үшін үлкен мектеп. Сондай тұлғаларымыздың бірі Тұрар Рысқұлов.
Аумалы-төкпелі, қиян кескілі заманда тарих сахнасына шыққан Алаш қозғалысы жəне де оның арнайы үкіметі «Алашорда» сол кезеңдегі қазақ халқының ұлттық мүддесін, мұң-зарын жəне де сол халықтың халық болып сақталып қалуына бірден бір саяси салмақтылықты ту еткен орасан зор күш ретінде танылды. Халқы үшін күрескен зиялыларымыз əрине көп. Соның бірі ұлы тұлғамыз Тұрар Рысқұлов. Ұлы тұлғағаның өміріне арналған Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» роман-эпопеясы Тұрар өмірінің бүкіл кезеңін шындыққа негіздеп айқындап берді. Т.Рысқұловты – күрделі мəселелерге белсене атсалысқан, əділетті де шыншыл тарихшы десем артық болмас. Өйткені, дəл осы туынды арқылы нақты Тұрардың бейнесі мен халқы үшін істеген ерен еңбектерімен таныса аламыз.
Осы Тұрар Рысқұловқа арналған 5кітаптан тұратын роман-эпопея бізге ұлы тұлғамыздың бала кезінен нағыз азамат болғанына дейін бейнелеп берді.
Сонымен,романның алғашқы кітабындағы бала Тұрар қандай?Тұрар ең бірінші өзіне әкесі Рысқұлды үлгі тұтатын еді.Бұл жердегі баланың әкеге деген махаббатын,сыйластығын жазушы мықты суреттеген.
Мәселен,Ауырып жатқан жалғыз ұлы-Тұрары үшін Рысқұлдың болыстың қара қойын сұраусыз алып кетуі (28бет) ; Әлімбек бабасының күміс жалатқан қара бәкісі үшін Тұрардың шар етуі (79бет); Қызыл жебе мен Рысқұлдың өмір атты қалың кітаптың бір парағы екенін алғыр түйсігімен сезінген Тұрардың қар үстінде бармақтары барбиып үсіп кетседе әкесін іздеген пристав сұрағына жақ ашпауы (101бет); Көке! мен енді мектепке барамын.Сен өкпелеме.Мен енді Қырғызбаев болып жазылдым.Бірақ мен Тұрар Рысқұловпын! (260бет); Тұрардың...не өлгенім,не тірілгенім деп куәлігіне Рысқұлов деп өз фамилиясын жазуы(327-328беттер);Тұрардың Мерке базарындағы сөзі(364-354беттер);партия қатары өтуі кезіндегі жауабы(455бет);ашаршылық зардабын тартқан сәби Арманды аман алып қалуы(476бет) тағысын тағы бәрі Тұрардың сөзсіз қандай азамат болғанын көрсетеді.
Бірінші кітаптағы Рысқұл әңгімесін екінші кітаптағы Рысқұлдың қиял-хаты бәрі өрбіп,құймақұлақ Тұрар көкірегіне тоқып,сіңірсе;ал екінші кітапта мектепті көрген,сауаты ашылған-жасөспірім Тұрардың ой санасының өскендігіне Рысқұлдың қиял-хаты әсер беріп, бір жағынан Тұрардың іс-әрекеттерінің көрсеткіші болды.Осы романның алғашқы екі кітабындағы Рысқұл әңгімелері мен қиял-хаттарының орны тым бөлек.Мұнда сол заманның қатпарлы қатал шындығы қаз-қалпында көрініс табады.Екінші кітаптағы Тұрардың әкесінің атын мақтанышпен айта алмауы,кеудесін намыс билеген бала Тұрардың ішкі ойы оқырманға сезілді.Мектепті озат оқып,қатарластарының алды болған Тұрар мықты азамат болып өсті.Оның өз фамилиясын ауыстырғанының өзі оның қандай намысшыл,батыл тұлға екенін көрсеткендей.Ал осы тұста жазушының дәл осындай



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет