Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы туралы қысқаша ақпарат: «Бесеудің хаты»-Ғабит Мүсіреповтің суреткерлігін оның азаматтық ісімен толықтырар шығарма. Пьесаға Ғ.Мүсіреповтің жас коммунистер Ғатауллин, Қуанышев, Алтынбеков, Дәулетғалиевтермен бірігіп, 1932 жылы ұжымдастырудың «Асыра сілтеу болмасын, ашатұяқ қалмасын» науқанын әшкерелеп, Крайкомға жазған хаты арқау болған.
Сөз қоржын
Қара дию, ібілістер-адамды пәлеге жолықтыратын азғырушы, жын-шайтан, пері, албасты.
Құзғын тазқаралар-өлексе жейтін құстар.
Тамұқ-діни ұғым. Күнәһар адамға (о дүниеде) азап көрсететін жер, тозақ.
Қадақ-әр жерде жалғыз-жалғыздан қалған, өт аз деген мағынада
Сұрақтарға жауап жазу
1. Ғ.Мүсірепов аштықты өз көзімен көрген жерін тауып оқы. /Екінші бөлім, екінші сурет 185-186 бет/
2. Сталин Қазақстандағы жағдайды қалай білген жерін тауып оқыңдыр /Пролог/
3. Драмада Мүсірепов өзі өмір сүрген заман жайлы: «Жорғалар-жортақ, батырлар-қорқақ болған сұм заман»- дейді /189-бет/. Ал сіздер сол бір нәубет жайлы не айтар едіңіздер? Мүсіреповтің осы пікірімен келісесіз бе? Себебін жаз
Шығарма кейіпкерлерінің (Нұрхан, Құсни, Ғабит) мінезі мен іс-әрекетіне көзқарасыңызды білдіріңіз. Кейіпкерлер туралы ментальды картаны толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |