ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Қазақ тілі және әдебиеті БББ
Курстық жұмыс
Оқу пәнінің атауы:
Тақырыбы: Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" роман-хамсасындағы Т.Рысқұлов бейнесі
Жетекші оқытушы: филол.ғылым.канд., доцент
Құралқанова Ботагөз Шайкенқызы
Студент:
Топ: ҚТӘ-31
Павлодар 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1.Ш.Мұртаза романдары......................................4-6
1.1 «Қызыл жебе» романы......................................................................4-6
2..«Қызыл жебе» романындағы Т.Рысқұлов бейнесі..........................7-14
2.1. «Қызыл жебе» романының көркемдік және танымдық сипаты.........7-8
2.2.«Қызыл жебедегі» тарихи шындық........................................9-10
2.3.Тарихи тұлғаны суреттеудегі жазушы шеберлігі..............................11-14
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................15-16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................17
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кустық жұмыс тақырыбымыздың өзектілігі Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романын көркемдік аспектіде сөз етіп, қаламгердің тарихи шындықты жан-жақты суреттеуін сипаттауда болмақ.
«Қызыл жебе»-бес кітаптан тұратын Ш.Мұртазаның шығармашылық шеберлігі шыңдалып,суреткерлікке көтерілгенін танытатын ең шоқтығы биік туындысы.Роман Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқан аса ірі тарихи тұлға Тұрар Рысқұловтың өмірі мен революциялық қызметін көрсетуге негізделген.Бұл романды жазуда автор өзінің өмірінің қырық жылын сарп еткен.
Әрине «Қызыл жебе» қазақ әдебиеті үшін үлкен олжа болды десек те қателеспейміз.Автор қазақ халқының осынау тарихында Т.Рысқұловтай қайталанбас мемлекет қайраткерінің Алаш арысының ұлттық мүдде үшін жанын қиған,құрбандыққа барған біртуар қазақ перзентінің тұтас өмірбаянын дүниетанымын саяси күресін адами кісілік келбетін арман аңсарын. армансыз бейнесін суреттеу арқылы халық тағдырын көрсетті.Бұл роман қазақ халқының рухын оятқан.тарихи шығарма.
Достарыңызбен бөлісу: |