Қазақ тілі және әдебиеті ббб курстық жұмыс Оқу пәнінің атауы: Тақырыбы



бет3/4
Дата02.06.2024
өлшемі99 Kb.
#203097
1   2   3   4
Байланысты:
курсовой

1.1 «Қызыл жебе» романы

Суреткер Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе»(«Рысқұл» 1-кітап,1978 жыл, «Тұрар»- 2-ші кітап,1980 жыл) «Жұлдыз көпір» 3-кітап, 1984 жыл, «Қыл көпір» 4-кітап 1991 жыл, «Тамұқ» 5-кітап,1994 жыл) сияқты кітаптары аса көрнекті аса көрнекті мемлекет және партия қайраткері,қазақ халқының ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметіне арналған кең тынысты шығарма.Романда біз қазақ халқының 1940 жылға дейінгі өмірін тұтастас көре аламыз.Және қандай азаптарға толы,қиямет-қайым тіршілік тынысын көреміз.Сондықтан да бұл туындыны біз «Абай жолы» романынан кейінгі нағыз роман-эпопея дей алуымыз да хақ.


Суреткердің лирикалық-философиялық прозасы осы романда барлық бітім-болмысымен мейілінше жарқырап көрінген.Қырық жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының басынан кешкен зобалаңдары,аштық қырғыны,репрессия зардаптары талай романдарда көрініс тапқаны белгілі.Дегенменде жоғарыда айтып өткенімдей бұндай тарихи романды жазу үшін суреткер кемел де,кенен тұлға болуы тиіс.
Сонымен,қырық жылға жуық шығармашылық бейнетінің нәтижесінде дүниеге «Қызыл жебе» романы келді.Автордың ««Менің бала кезімде Тұрар Рысқұловтың есімі ауызға алынбайтын. Оны білетін ауылдың ересек адамдары: «Е-е-е, есіл ер, нақақтан кетті ғой, енді ондай қайраткер қайда?!» деп сыбырласып, күбірлесіп қана еске алатын.
Тұңғыш рет Тұрар Рысқұловтың кім екенін 1960 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған қарт журналист, партия қызметкері Рахымалы Байжарасовтың көлемді мақаласынан оқып, білдім.
Кейін Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін егжей-тегжейлі зерттеген арнаулы беделді комиссия құрылды.Сол комиссияның қорытындысы бойынша,Тұрар Рысқұловтың атына жағылған қара күйе жуылып,ардақты есім біржолата ақталды»,- дейтін сөзінен бері қарай,көкірегіне Тұрар туралы материалдардың,деректердің бірте-бірте қолданыла бастағаны мәлім.
Бес кітаптан тұратын роман-эпопеяда автор тұлғаны суреттеуде қатты жауапкершілікпен қарағаны сезіліп тұратындай.Содан «Қызыл жебе» романының бірінші «Рысқұл» және екінші кітабы «Тұрар», Рысқұлдың өмірі мен бала Тұрарға арналады.Бұл екі кітаптың линиясы-әке мен бала.Шерхан Мұртазаның расыменде,әке мен баланың арасындағы үнсіз ұғынысты,тілсіз махаббатты сүйсіне бейнелегенін айтпасқа болмайды.

Ал үшінші кітап «Жұлдыз көпір».Үшінші бөлім автордың тарихи тақырыпты жалғастыру және игеру жолындағы ең сәтті туындысы.Шығармада-бас кейіпкер Тұрардың Ташкентте,Түркістан АССР-ының басшы қайраткерлерінің болып жүрген кезеңі арқау етіп алынған.Тарихи шындықтардың жемісті түрде игерілгеніне «Жұлдыз көпір» романы қай жағынан алсақ та дәлел.


«Қызыл жебе». Роман-эпопеясының 4-ші кітабы-«Қыл көпір» 1991жыл деп аталады.Бұл шығармада Тұрар Рысқұловтың өмірінің ең шешуші тұстары алынғпг.Роман негізінен 1920-1937 жылдардың тыныс-тіршілігін айөындайды.Мәселен, Тұрар РСФСР ұлт мәселелері жөніндегі Халық комиссиарының орынбасары (1920-1922) ; Түркістан АССР-ы Халық Комиссиары Советінің Председателі (1922-1924); Коминтеріннің моңғолиядағы өкілі (1924-1926); Комиссиарлары Советі Председателінің орынбасары 91926-1937) болып еңбек етеді.Ал мұның бәрі шынайы тарихи деректер.Суреткер Шерхан Мұртаза міне осылай нағыз шындыққа ғана бет ұрып,зерттеп, «Қыл көпір» романында ерекше суреттеді.Жазушының бұл кітапта сталиндік репрессияның түп-тамырына өзінше үңіліп нақты көрсетуге тырысқанына, «Сталин қателеседі» атты тарауы дәлел.
Содан 1994 жылы романның 5-ші әрі соңғы кітабы – «Тамұқ» жарық көрді.Бұл шығармада Тұрар өмірінің соңғы,яғни ақырғы кезі алынған.Сондықтан да шығар бұл роман оқиғасы 1937 жылдың мамыры мен 1938 жылдың ақпаны арасын ғана қамтиды.Яғни, Тұрардың Кисловодск курортында ұсталып,түрмеге түсіп азапталуымен,ақырында ату жазасына кесілуін суреттейді.Жәнеде оның жалғыз ұлы Ескендір мен жары Әзизаның да бастан кешкен қайғысы да көркем шынайы баяндалады.
Осы бесінші кітапты оқығанда менің көз алдыма Шерағаның Тамұқты жазу үстіндегі хәлі қатты қызықтырады.Бір жағынан бас ие отырып,бір жағынан авторды аяймын.Тұрар болып түрмеде отырған Шерхан Мұртазаның суреткерлік рухына,азаматтың рухына қаншама жүк,қаншама салмақ;қаншама сезім,қаншама жан қиналысы түскенін әсте сезінбеу,көрмеу, түсінбеу оқыған адамға мүмкін емес екен.
Сонымен,Шерхан Мұртазаның қырық жылдай уақытын арнаған Тұрар Рысқұлов романы 5кітаппен аяқталады.Бұл роман арқылы ұрпақ Тұрардың кім екенін,қандай тұлға болғанын,қазақ үшін жанын бергенін түсініп білді.Яғни, "Қызыл жебе" романы Шерхан Мұртазаның еңбегін ақтады десек те болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет