Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 5А11301- ана тілі мен әдебиеті (қазақ тілі)



бет4/9
Дата09.09.2022
өлшемі70,23 Kb.
#149092
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 5305795266522122806

«Оқу құралдары» ойыны
Бір бала тақтаға шығып, оқу құралдарына толы жәшікті қолына алады. Сол жәшікпен әр баланың қасына барады. Әр отырған бала көзін жұмып, қолына түскен оқу құралын алуы тиіс. Бала сол алған оқу құралының атауын дұрыс айтуы қажет.
Оқу құралының атауын дұрыс атаған балалар марапатталады.
(Бұл ойынды басқа да бір тақырыптарға байланысты өткізуге болады. Мысалы: түстер, сандар, бөлме заттары, ойыншықтар, киім атаулары, т.б.)
«Бір сөзбен айт» ойыны.
Әр топқа 6 парақ қағаз беріледі. Парақтарда оқу құралдары, мамандықтар, жемістер, үй жануарлары, азық-түліктер, дене мүшелері, көкөністер, түстер, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек.
I –топ
Оқу құралдары - дәптер, өшіргіш, қалам, күнделік, сызғыш
Мамандықтар - инженер, дәрігер, суретші, жазушы
Азық-түліктер - қант, нан, айран, шұжық, кәмпит.
II-топ
Отбасы..мүшелері - әже,.әке,.ана,.аға,.ата,.сіңлі.
Көкөністер - қызанақ, орамжапырақ, пияз, қияр.
Аңдар...-...қасқыр,...түлкі,.қоян,.арыстан,.кірпі.
Киімдер - көйлек, жейде, шалбар, құлақшын.
«Жұбын тап» ойыны. (мақал-мәтел тақырыбында қолданылады)
Әр түрлі қағаздарда мақалдар беріледі. Мақалдың сыңарлары екі қағазда болады. Ойыншы сол мақалдарды белгілі уақыт ішінде жұптастыру керек немесе аралас сөздерден мақал құрастыру керек. Дәл сол сияқты тұрақты тіркес пен оның мағынасын жұптастыруға болады. Дәл, нақты, дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз атанады.
Сиқырлы ағаш” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет