Қорытынды Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.4 Осы мақсатпен оқушының шығармашалық қасиетін дамыту – басты қағида. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор. Қазақ тілі сабағында өзге ұлтты балаларға сабақ қызықты да тартымды өту үшін ойынның рөлі өте жоғары.
Оқушылар сабаққа қарағанда ойынды ұнататын белгілі. Ойын оқушылар сабақта зерігіп, шаршаған кездерінде сергіту мақсатында ғана емес, оларға негізгі ұғым, түсініктерді толық меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра отырып, өткен тақырыпты берік меңгерту, саналарында сақталып қалуға жұмыс жасау. Сондықтан ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы керек. Тек сол жағдайда ғана оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарға жетуге септігін тигізеді. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор.
Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы, 2009.
2. Әбілқаев.А. Бейсембаева.З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2008.
3. Бөрібекова Ф. Б., Жанатбекова Н. Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар Алмаы, 2014.
4. Бейсембаева З. Қазақ тілін модульмен оқытудың жаңа технологиялары. Алматы, 2006.
5. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы, 2006, - 4-5 б.
6. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. Алматы // 2006.
7. Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001.
8. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А., 1992.
9. Калина А.А. Игровая технология в школе. Инновационные технологии в учебно-педагогическом процессе школы и ВУЗа. Сборник научных статей. «Перемена», Волгоград, 1993. стр. 173-178.
10. Муравьёва Г.Е. Проектирование технологий обучения. Иваново, 2001.
11. Оралбаева.Н. Жақсылықова.К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005.
12. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
13. Рахметова С., Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. А., 1998.
14. Сүлейменова.Ж. Қазақ тілін комплекспен оқытудың жолдары. Алматы, 2005.
15. Садыкова Н.У. «Развитие познавательных интересов учащихся в условиях игровой технологии», Инновационные технологии в учебно-педагогическом процессе школы и ВУЗа. Сборник научных статей. «Перемена», Волгоград, 1993. стр. 124-128.
16. Уәйісова Г., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. А., 1999.
17. Қазақ тілі және әдебиеті. // 2010-2018 жылдар.
18. www. Ziyonet. Uz
19. www, tdpu. Uz
20. www. bilim. Kz