«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы «Бекiтемін»


Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар



бет42/45
Дата08.11.2023
өлшемі163,07 Kb.
#190447
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
УМК сөзжасам

Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Етістіктен етістіктің жасалуы екіге бөлінеді:
1) етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіру
2) етістіктегі лексикалық мағынаға объектілік, субъектілік мағыналар қосып түрлендіретін жұрнақтар.


Етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар
1. Түбір етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар көп емес, олардың көбі өнімсіз жұрнақтар, тіпті бір туынды түбірлерде кездесетіндері де бар.
-ғы, -гі: сырғы, ызғы, кергі, кілкі, түрткі. Мысалы, Ызғып отырып, тез жеттік (С.Жүнісов).
-ла, -ле: үрле, бүкте, тістеле, сүйреле, қарайла, жетеле. Мысалы, Саған қарайлап қалдым (С.Мұқанов).
-қыла, -кіле: шапқыла, кескіле, ұрғыла, қойғыла, соққыла, түрткіле, жұлқыла, тепкіле
-ыңқыра, -іңкіре: алыңқыра, бұрыңқыра, бұзыңқыра, беріңкіре, жүріңкіре, түсіндіріңкіре
-шы, -ші: тыншы, шапшы, тапшы, көнші
-дік, -лік: көндік, илік, килік
-ірей: тесірей, тікірей
-ыр, -ір: қаңғыр, бітір, кетір, ұшыр, батыр
-жыра, -жіре: тұнжыра, болжыра
-ға, -ке: қорға, қозға, бүрке
-ғыт: құйғыт, орағыт. Мысалы, Орағытып, сөзден ұстатпайды (С. Жүнісов).
-жы: уылжы, тамылжы
-ік: көнік, кезік
Бір туынды түбір сөз ғана жасайтын жүрнақтар бар, олар:
-ей: кішірей. Мысалы, Құнанбайдың алдында кішірейіп болдық (М.Әуезов).
-бі: ілбі. Мысалы, Ілбіп жүрістері өнбеді (С.Мұқанов).
-ді: өнді. Мысалы, Жаяудың жүрісінен жер өндімейді (І.Жансүгіров).
-іл: иіл. Мысалы, Жауға иілген басым қор болды (С.Жүнісов).
-іс: көніс. Мысалы, Көніспеске шара жоқ (С.Мұқанов).
-гес: мінгес. Мысалы, Асқармен атқа мінгесіп отыруға тура келді (С.Мұқанов).
-сет: көрсет. Мысалы, Көрсет ерлігінді (С.Жүнісов)

Қимылға субъектілік, объектілік мән қосатын жұрнақтар
Субъектілік, объектілік мәнді жұрнактарды етіс жұрнақтары деп санайтыны белгілі. Бұл жұрнақтар түбір етістіктерге жалғанып, оларға қимылдың иесі, қимылға түсетін объекті туралы мән қосып, түбір етістіктегі лексикалық мағынаның үстіне әр түрлі мағына қосады. Сондықтан олар етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар болып саналады. Олардың әрқайсысы туынды түбір етістік жасайтын болғандықтан, туынды түбірлердің де негіз сөз қызметін атқаратын заңдылығы бойынша сөздің қүрамында ол жұрнақтар бірнешеу бола береді. Мысалы, жаздырылмады, жуындыр, алғыздырт, сыйлаттыр т.б.
-ын, -ін, -н: жуын, киін, жасан, тілен, сұран т.б. Бұл жұрнақ етістіктің лексикалық мағынасының үстіне қимылдың иесі де, қимылға түсетін зат та бір зат деген мағынаны қосады. Мысалы, Жуынып, таранды, жан-жағына қаранды (С.Мұқанов). Мұнда жуыну, тарану, қарану қимылын жасаған да, сол қимыл жасалған адам да-бір адам. Сондықтан олар өздік етіс аталады.
Осы жұрнактардың екінші мағынасы бар. Онда бұл жұрнақ қимылдың иесін көрсетпей, қимыл өзінен-өзі жасалғандай мәнді білдіреді де, ырықсыз етіс жасайды. Мысалы, Арам шөптер жұлынды, өнімдер қапқа салынды (ауызекі тілден) дегенде жұлыну, салыну қимылын кім жасағаны сөйлемде айтылмай, олар белгісіз қалған.
-ыл, -іл, -л жұрнағы түбір етістіктерге жалғанып, оған қимыл иесінің белгісіздігін білдіретін мән косады. Мысалы, егін орылды,
шөп шабылды, ән айтылды, хат жазылды, сұрақ қойылды, жауап берілді дегендерде етістіктегі қимылды кім жасағаны белгісіз, ол аталмаған. Сондықтан мұндай туынды етістіктер ырықсыз етіс аталады.
Бұл жұрнақтың басқа мағынасы да бар. Мысалы, Ол биыл елге оралды. Аттылар бізге карай бұрылды. Ол сырқатынан жазылды сияқты қолданыста орал, бұрыл, жазыл етістіктеріндегі қимылдың субъектісі айтылған және ол субъекті әрі объекті екені білдірілген. Мұнда —ыл жүрнағы өздік етіс жасап тұр. Бүл — осы жүрнақтың екінші мағынасы.
-дыр, -дір жұрнағы түбір етістікке жалғанып, қимылдың тындаушы мен сөйлеуші ден басқа бөгде, 3-адамға жасататынын білдіреді. Мысалы, Оған хат жаздыр, кітапты алдыр, оны келтір т.б.
Осы мағынаны -қыз, -кіз, жұрнақтарыда білдіреді. Мысалы, өлең айтқыз, уәде бергіз, сурет салғыз, оны сөйлет, қызды билет, үйді жинат, жұртты тарат т.б.
Бұл жұрнақтардың бәрі белсенді қолданылатын өнімді жұрнақтар.
-ыс, -іс, -с жұрнағы түбір етістікке жалғанып, оған қимылдың бірнеше субъектіге ортақтығын білдіретін мағына қосады. Мысалы, Олар асықпай, ұзақ сөйлесті (С.Мұқанов). Ақындар айтыс өнерін білгірлікпен шебер жалғастырды (газеттен).
Етістік сөзжасамында аналитикалық тәсіл өте белсенді қызмет атқарады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктерге тіліміз өте бай. Көне замандардан бері қолданылып, тілді күрделі етістіктермен байытқан бұл тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктердің өзіндік ерекшеліктері мол. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы деп екі етістіктің бір-бірімен тіркесіп, бір күрделі қимыл ұғымын білдіріп, бір күрделі етістік жасауы аталады. Алдымен күрделі етістіктер күрделі қимыл ұғымын білдіреді. Күрделі қимыл ұғымы деп екі түрлі қимылдың біртұтас қимыл-әрекет мәніне ие болған түрін айтамыз. Мысалға, үйге кіріп шық, бізге келіп кет, оған барып қайт, мұны беріп кел сиякты күрделі етістіктердің бәрі алғаш екі қимылды білдіретін толық мағыналы дербес сөздер болған. Қолданыла келе олар дербестігін жойып, біртұтас мағынаға көшкен яғни бір кимыл мәніне көшкен. Бірақ ол біртұтас қимылда алғашқы сыңарлардың мағынасының ізі сақталған, олар казір бір қимылдың тұтас жасалатын екі кесіндісі сияқты мәнді сақтаған. Сондықган ол бір ғана кимыл, дара қимыл мәнінен күрделі ұғым болып калыптасқан. Күрделі етістіктердің басым көпшілігі күрделі қимыл ұғымын білдіреді, бәрі де осындай деуге болмайды. Бүл ретте құранды етістіктер ерекшеленеді.
Күрделі етістіктер барлық күрделі сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесі болады да, біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылады. Оның сыңарларының арасына басқа сөз түсе алмайды. Күрделі етістіктер бір сөз болғандықтан, сөйлемдегі сөз тұлғасын түрлендіруші қосымшалар етістіктің соңғы сыңарына ғана жалғанады. Мысалы, келіп кетті, кіріп шыққан, беріп кайтыпты т.б.
Күрделі етістіктің сыңарлары толық сөздерден ғана болады, өйткені олардан күрделі етістікгегі күрделі кимыл ұғымы жасалады. Бұл заңдылықты құранды етістіктер ғана бағынбайды. Мысалы, қызмет ет, құрмет ет, адам бол т.б. Бұлар көмекші етістіктер арқылы жасалады. Баска жағдайдың бәрінде күрделі етістіктің құрамы толық мағыналы етістіктерден құралады.
Күрделі етістікгердің бірнеше түрі бар. Олар:
1) кіріккен күрделі етістіктер;
2) тіркескен күрделі етістіктер;
3) кұранды етістіктер;
4) қосарланған етістіктер;
5) тұрақты тіркес етістіктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет