Қосарланған күрделі етістіктер
Қосарланған етістіктер деп екі сыңары да етістіктен жасалған қос сөздер аталады. Қосарланған етістіктер деп белгілі тұлғадағы екі түрлі етістіктен не бір етістіктің қайталануынан жасалған етістіктер аталады: келіп-кетіп, ашып-жауып, жүріп-тұрып, бағып-қағып, сылап-сипап, күліп-ойнап, асып-тасып, өліп-талып, жылап-сықтап, алдап-арбап, асығып-сасып, қорқып-үркіп, ұрып-соғып, келе-келе, айта-айта, көре-көре, жылай-жылай, сұрай-сұрай т.б.
Қосарланған етістіктер сөйлемдегі негізгі қимылдың жайы-күйін білдіреді.
Идиомаланған күрделі етістіктер
Идиомаланған тұрақты тіркестердің бір тобы қимыл мағынасында қолданылады. Мысалы, көзге түрткі болу, көзден ғайып болу, көздеп бір-бір ұшу, зәре-құты қалмау, төбе шашы тік тұру, қара терге бату, қара жер болу, бетегеден биік, жусаннан аласа болу, көзі түсу, көкке көтеру, мойнына қамыт кигізу, тумай жатып картайған, инедейді түйедей ету т.б.
Идиомаланған етістіктер сөйлемде бір сөз қызметін аткарады. Мысалы, Инедейді түйедей ету - сенің әдетің (С.Мұқанов). Идиомаланған етістік сөйлемнің бастауышы болып тұр. Досыңның өскені тамағыңа сүйек болып кадалды. Мұнда идиомаланған етістік мәнді тізбек сөйлемнің баяндауышы.
1. Етістіктің синтетикалық сөзжасамы
2. Етістік жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар
3. Етістіктің аналитикалық сөзжасамы
4. Күрделі етістіктер жүйесі
5.Кіріккен күрделі етістіктер;
6. Тіркескен күрделі етістіктер;
7. Құранды етістіктер;
8. Қосарланған етістіктер;
9. Тұрақты тіркес етістіктері.
Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.
Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.
Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.
Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |