Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Ұйым, мекеме атауларын білдіретін күрделі атаулардың қысқар-



Pdf көрінісі
бет107/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Ұйым, мекеме атауларын білдіретін күрделі атаулардың қысқар-
тылып жазылған түрлерін қ ы с қ а р ғ а н с ө з д е р ( 
а б б р е в и а т у р 
а )
дейді.
Қысқарған сөздер мына сияқты т ө р т т ү р л і жолмен жасалады: 
1. Күрделі атауға енетін әрбір сөздің басқы дыбыстары алынады да, бас 
әріппен жазылады: Мысалы: ҚР - Қазақстан Республикасы, АҚШ – Америка 
Құрама Штаттары, РФ – Ресей Федерациясы, АҚ – Акцианерлік Қоғам. 
Бас әріптер арқылы қысқарған сөздерге қосымша жалғанғанда, қосымша-
лар соңғы әріптің айтылу әуеніне қарай жалғанып, дефис (-) арқылы жазыла-
ды. Мысалы: АҚШ-қа, ТМД-дан. 
2.Қүрделі атаулардың құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны алынады 
да, кейінгі сөздердің басқы дыбыстары алынып бір сөз жасалады. Мысалы: 
ҚазМҰУ - 
Қазақтың Мемлекттік Ұлттық Университеті
Бұлайша қысқар-
ған сөздің алғашқы буынының бірінші әрпі және қысқартылып алынған соңғы 
сөздердің басқы әріптері бас әріппен бірге жазылады.
 
3. Күрделі атаулардың қүрамындағы әрбір сөздің басқы буындары 
алынып, бір сөз жасалады да, біркелкі кіші әріптермен бірге жазылады. 
Мысалы: 
кеңшар-
кеңестік шаруашылық, 
филфак –
филология факультеті.
4. Күрделі атаулардың құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны алынады да, 
келесі сөз толық алынып, бір сөз жасалады. Бұлар да біркелкі кіші әріптермен 
бірге жазылады. Мысалы: 
партбилет 
(партия билеті), 
мединститут 
(медицина институты), 
педколледж
– педагогикалық колледж. 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Қандай күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады ? 
2)
 
Біріккен сөздердің күрделі сөздерден айырмашылығы неде ? 
3)
 
Кіріккен сөздер деген қандай сөздер ? 
4)
 
Қысқарған сөздер ғылым тілінде қалай аталады ? 
5)
 
Қысқарған сөздер қандай жолдармен жасалады ? 
 


109 
62-жаттығу. 
Берілген қысқаргған сөздерді толық күрделі атауға ай-налдырып жазындар. 
ГДР, КНР, ІІМ, ҚазМұнайГаз, Қазпочта, Қазақтелеком, МАИ, ҰБТ, 
Ұжымшар, педкеңес, совхоз, пединститут, АҚ, студкеңес, КТК (КВН), 
ЖШС,ХДП.
63-жаттығу. 
Жалаң сөздер мен күрделі сөздерді тауып, оларды бөлек-бөлек көшіріп
жазыңдар. 
1)Алыс жайлауға, Құнанбай ауылдары жеткен өріске бұл өлкенің елі жете 
алмай қалды ( М. Ә. ). 2) Бұл жолдардың бойында қоңырауы күңгірлеген кіре 
керуені де күні-түні үзілмей ағылатын болды ( Ғ. Мұст. ). 3) Күн кешкіріп 
қалғанын Жұман жұрт тарай бастаған соң барып сезді . Қасқа бастанып алған 
толық ай Ақбұйрат адырына көгілдір жарығын қадай төгіп тұр ( Ғ. Мұст. ).
4) Кінәсіз екі мейірбан, жазықсыз екі жан Бөжейге деген көз жастарын 
үйлерінде отырып төкті ) М. Ә. ). 5) Баян Тұлпаркөгін тебініп қап, қоршауда 
тұрған қыз-келіншекті бір шолып өтті ( І. Е. ). Жазғытұрымға сай-саланы 
қуалай аққан қар суындай қазақ қолдары тарамданып, жан-жаққа қарай 
аттана бастады. Аңызық желге маңдайын сүйгізе, Әбілхайыр хан жападан – 
жалғыз келе жатыр ( І. Е. ). 6) Үйдің ішін түрлі бояумен аламыштап тастапты
(М. Ә. ). 7) Баласынан айырылғанын жаңа түсінген әйел, жан шырып жаралы 
барыстай, әлгі ноянға тап берді. Ұрыс осылай қызып жатқан кезде кенет 
құмды боран басталды ( І. Е.). 8) Ақбала ернін ғана қимылдатты ( Ә. Нұрп. ). 
9) Ақсақал, сіз біздің қонақсыз, алыстан кедіңіз ( Ә. Әл. ). 
І


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет