Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет109/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

М О Р Ф О Л О Г И Я 
 
§ 49. Сөз және оның морфологиялық құрамы 
Ұжымдық еңбек процесінде адам баласының өзі түсінген, сыр-сипа-
тын таныған заттарға, қоғамдық құбылыстарға түр-түс, сан-сапа, 
қимылдық түсініктерге берген атауын с ө з дейді.
Сөз — тілдегі
 
лексикалық ұғымға ие болатын дыбыстық тіркес.
Әрбір сөздің білдіретін ұғымын с ө з д і ң м а ғ ы н а с ы дейді.
Сөздің лексикалық мағынасы белгілі морфологиялық тұлға арқылы 
көрінеді. Сөйлем ішінде қолданылатын сөздердің беретін мағыналарымен 
қатар тұлғалық көрінісі, белгілері де болады. Сөздің морфологиялық 


құрылымы – морфологияның маңызды мәселелерінің бірі, өйткені қазақ 
тілінде сөздер сөйлем ішінде әр түрлі құрамда қолданылады. Әдетте 
сөйлемдегі сөз бірнеше мағыналы бөлшектерден тұрады. Ол мағыналық 
бөлшектер м о р ф е м а л а р деп аталады. Морфемелар н е г і з г і м о р ф е 
м а л а р және к ө м е к ш і м о р ф е м а л а р болып екіге бөлінеді.
Сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін лексикалық мағынасы бар 
ең кіші бөлшегін н е г і з г і м о р ф е м а дейді.
Мысалы: ат, ақ, бөл, 
бар, кел, кет, жас, өс, тоқ, соқ, шал т. б.
Бұл сөздерді ары қарай бөлшектесе, 
мағыналары жойылып, сөз болудан қалады.
К ө м е к ш і м о р ф е м а л а р деп өздігінен жеке тұрып 
қолданылмайтын, сөйлем ішінде сөздің құрамында келіп, оған түрлі 
грамматикалық мағына үстейтін морфемаларды айтады.
Көмекші морфемалар өз ішінен қ о с ы м ш а л а р мен к ө м е к ш і с ө 
з д е р г е бөлінеді. 
Мысалы, Мен Алматыға оқуға келдім. Мен Алматыға оқу 
үшін келдім 
деген сөйлемдердегі
-ға –
қосымша (барыс септік жалғауы) да, 
үшін
көмекші сөз (септеулік шылау). Қосымшалар г р а м м а т и к а л ы қ
м а ғ ы н а т у ғ ы з а т ы н қ о с ы м ш а л а р және с ө з ж а с а м д ы қ
қ о с ы м ш а л а р болып екіге бөлінеді. 
Мысалы, балалар
дегендегі 
–лар-
көптік жалғауы, көптік грамматикалық мағына туғызатын болса, 
балалық 
дегендегі
-лық
– жаңа сөз туғызатын сөзжасамдық қосымша . 
Ендеше, сөздің тұлғалық өзгерісі негізгі екі жолмен болып отырады:
1) қосымшалар арқылы, 2) сөздердің тіркесіп айтылуы арқылы. 
Ек, егін, егінші, егіншілер, егіншілерге 
деген сөздерді алатын болсақ, бұл 
сөздердің өзара бір-біріне мағыналық жақындығы бар. Олар бір негізден, жаңа 
сөз жасауға ұйтқы болатын
ек 
деген қимылдық ұғым беретін түбірден 
жасалып тұр. Бұлардың бір-бірінен мағыналық жағынан да, тұлғалық (сыртқы 
көрінісі) жағынан да айырмасы бар. Бұлардың бірінші үшеуінің мағыналары 
да, тұлғалары да ерекше. 
Ек 
қимылды білдіреді, 
егін 
сол қимылдың 
нәтижесінен туған заттық атауды білдірсе, 
егін + ші 
белгілі кәсіптің түрімен 
айналысатын адамды білдіреді. Ал қалғандарының негізгі
мағынасына өзгеріс енбей, грамматикалық мағыналары ғана өзгерген. 
Қазанқап, қазан-ошақ 
деген сөздерді алатын болсақ, 
қазан+қап 
дегенде екі 
сөзді біріктіріп айту арқылы жаңа сөз жасалып тұрса, 
қазан-ошақ 
дегенде екі 
сөзді қосарлап қатар айту арқылы екеуінің де мағыналарын ішіне алатын 
жалпылық ұғым тудыратын сөз жасалып тұр. Бұрын тұлғалық жағынан дара 
сөздер енді күрделі бір сөз болып өзгерген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет