Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет11/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар
 
1.
 
Фонетиканың зерттейтіні қандай дыбыстар ? 
2.
 
Қандай дыбыстарды фонема дейді? 
3.
 
Адамның дыбыстау мүшелері қандай негізгі бөліктерден тұрады ? 
4.
 
 Дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты артикуляция дегенді 
қалай түсінесің ? 
5.
 
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде ? 
6.
Қазіргі қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар ?
 


13 
§
 5. Тіл дыбыстары және олардың түрлері
 
Тілдердің барлығында да тіл дыбыстары дауыстылар және дауыссыздар 
болып екі топқа бөлінеді.Тіл дыбыстарын бұлайша топтастыруға негіз 
болатын жалпылама ортақ белгі , әдетте, олардың буын құрау қызметі. Буын 
құрау тұрғысынан алғанда, дауыстылар буын жасай алатын негізгі, ұйтқы, 
басты тұлға ретінде, ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайтын , 
дауыстылардың жетегіндегі көмекші элементтер ретінде ғана қаралады.
Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырғанда, олардың 
акустикалық және физиологиялық жақтары да ескеріледі.
Акустикалық тұрғыдан қарағанда, дауыстылар мен дауыссыздарды бір-
бірінен ажырату музыкальді үн мен салдырға негізделеді. Дауыстыларда үн 
басым да, дауыссыздарда салдыр басым.
Физиологиялық (артикуляциялық) тұрғыдан алып қарағанда, дауыстылар-
ды айту үстінде фонациялық ауа ( сөйлеп тұрғанда шыққан ауа) : 
1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне 
күш түспейді, олардың қалпы бірқалыпты болады; 3) фоноциялық ауа баяу 
(лепсіз) шығады; Ал дауыссыздарды айтқанда, фонациялық ауа: 1) кедергіге 
ұшырап, тосқауылмен айтылады; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау 
мүшелеріне күш түседі; 3) фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек 
болады.
Дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажыратуға негіз болатын 
басты белгілер - осылар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет