Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет14/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

а, ә, и, е, э, ы, і

дауыстылары жатады.

 
4-жаттығу. 
Төмендегі мәтіннен еріндік дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек, езулік 
дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек көшіріп жазыңдар. Содан кейін еріндік, езулік 
дауысты дыбыстары араласып келетін сөздерді бір бөлек жазыңдар. 
Ең бірінші бақытым-Халқым менің. 
Соған берем ойымның алтын кенін. 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын. 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. 
 
Ал екінші бақытым-тілім менің. 
Жас жүректі тіліммен тілімдедім. 
Кей-кейде дүниеден түңілсем де, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім. 
 
Бақытым бар үшінші Отан деген. 
Құдай деген кім десе, Отан дер ем. 
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай-ақ келдағы от ал менен. 
 
Мұқағали Мақатаев.
5-жаттығу. 
Мына сөздердегі дауысты дыбыстардың түрлерін айтып беріңдер, олардың, 
жасалу жолдарын түсіндіріңдер. 
Арба, кырық, көгілдір, жүру, жиырма, тез, балалар, алғашқы, қабырға, 
үйлер,бұрғылау, екпе, жүрек, балық, күшті, қисык, уылдырық, жұрнақ, 
балдырған, бөбек. 
§ 7. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі 
 


Дауысты дыбыстар қазақ тілінде сөз ішінде дауыссыз дыбыстармен 
араласып айтылады да дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, сөз 
кұрауда үлкен орын алады. Мысалы, 
терезе, балалық, тарақ, күрек 
деген 
сөздердегі дауыссыз дыбыстардың арасын ажыратып, дыбысталуын айқындап 
тұрған — дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар айтылмаса, 
трз, бллқ, трқ, 
крк 
болып, дауыссыз дыбыстар бір-бірінен ажыратылмай, сөздің мағынасы 
бұзылар еді. Әрине, бұдан сөз құрайтын тек дауысты дыбыстар ғана деп 
түсінуге болмайды. Дауыссыз дыбыстар айтылмаса, таза дауысты дыбыстар да 
сөз құрай алмайды. 
Дауысты дыбыстардың сапасы да, тілдегі қолданылуы да бірдей емес. Әрбір 
дауысты дыбыстың өзіне тән атқаратын қызметі бар. Сонымен байланысты 
дауысты дыбыстарды белгілейтін әріптердің өздеріне тән емлесі бар. 
1.
а, е, ы. і 
әріптері сөздің барлық буындарында жазыла береді. Мысалы: 
ал, 
ала; қала, балаларда; ел, еле; кереге; ыс, ыстық, іс, істік; білімді, кісілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет