Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


артикуляциялық-тілдік ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктерді (



Pdf көрінісі
бет7/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

артикуляциялық-тілдік ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктерді ( 
акцент) сол тілдің а р т и к у л я ц и я л ы қ б а з а с
ы деп атайды.
Дыбыстау
 
мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі 
дыбыстардың а р т и к у л я ц и я с ы н (жасалуын), а к у с т и к а с ы н
(дыбысталуын) дұрыс түсіну қиын. 
Адамның дыбыстаушы мүшелері негізгі үлкен үш саладан тұрады:
1) тыныс мүшелері, 2) тамақ, 3) қуыс мүшелері. 
1. Тыныс мүшелері. 
Дыбыс шығаруға қатысы бар тыныс мүшелері деп 
аталатын мүшелердің ең бастысы — өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы 
кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа 
шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа 
шығуымен байланысты. Сөйлеу кезінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады 
да, өкпеге бірден тез енеді. 
2.
Тамақ және дауыс шымылдығы. 
Тамақ деп кеңірдектің кеңейген 
жоғарғы тұсын айтады. Тамақтың сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш 
– тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы болады. 
Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне
қарсы біткен жиырылмалы ет.Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан 
екі пар бүршіктің сыртқы екеуі 
жалған дауыс шымыл-дығы
деп аталады. 
Бұлар дыбыс шығаруға қатыспайды. 
Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің жиыр-
ылмалы астыңғы екеуі 
нағыз дауыс шымылдығы
деп аталады. Дауыс 
шымылдығының аралығы дауыс қуысы немесе дауыс түтігі делінеді. 


Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеу-
інің арасы жымдасып тұрады да діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиыр-
ылып, екеуінің арасы ашылып тұрады да діріл пайда болмайды, үн шықпай-
ды. Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда 
болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыс-
тарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де діріл шамалы болады. 
Сондықтан бұл дыбыстарда сәл де болса үннің қатысы болады. Ал қатаң 
дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да 
ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында 
үннің қатысы болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет