Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет4/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Лексикология 
— грек тілінің 
лексикос 
(сөздік), 
логос 
(ілім) деген сөздерінен 
алынған. Грамматикалық термин ретінде тілдегі барлық сөздердің 
жиынтығын, сөз байлығын зерттейтін тіл туралы ілімнің бір бөлімі ретінде 
қолданылады. 
Фонетика 
— грек тілінің 
фонэ 
(дыбыс) деген сөзінен алынған, 
грамматикалық термин ретінде тіл дыбыстарын, дыбыстық заңдарды 
қарастыратын, зерттейтін тіл ғылымының бір саласы деген ұғымда 
жұмсалады. 
Грамматика 
— грек тілінің 
грамма 
(жазу) деген сөзінен алынған. Грамматика 
— сөздердің сөйлемде өзгеруін, түрлерін зерттейтің ғылым. Ол екіге бөлінеді: 
морфология және синтаксис. 
Морфология 
— грек тілінің 
морфе 
(түр), 
логос 
(ілім) деген сөздерінен 
алынып, кейін сөз біріктіру жолымен біріккен сөз ретінде бір сөзге айналған. 
Грамматикалық термин ретінде тілдегі сөздердің тұлғалық көрінісі, грамма-
тикалық мағыналары жағын қарастыратын, зерттейтін тіл ғылымының бір 
бөлімі деген ұғымда қолданылады. 
Синтаксис 
— грек тілінің
синтаксис 
(құрылыс, құрылым) деген сөзінен 
алынған. Грамматикалық термин ретінде сөздердің сөйлемде байланысу тәсілі, 
сөйлемнің түрлері, мүшеленуі жағын қарастыратын, зерттейтін тіл 
ғылымының негізгі бір саласы деген ұғымда қолданылады. 
Грамматиканың негізінде орфография мен пунктуация жолға қойылды. 
Орфография 
— гректің 
орфос 
(дұрыс) және 
графос 
(жазу) деген сөздерінен 
алынған; дұрыс жазу нормаларын белгілейтін ережелердің жинағы. 
Пунктуация 
— латын сөзі, 
пунктум 
(нүкте) деген сөзінен шыққан. Тыныс 
белгілерін қолдану ережелерінің жиынтығы. 
Тақырып бойынша сұрақтар
1.Тіл қандай құбылыстардың қатарына жатады ? 
2. Тілдің негізі болып табылатын екі саласы ? 
3. Тілдің сөз байлығы неден тұрады? 
4. Тіл өзінің даму дәрежесіне қарай қандай тілдерге бөлінеді? 
5. Халық ұлт деген дәрежеге көтерілу үшін, оның дамуында нелердің
тұтастығы тегіс табылуы шарт? 
6. Дүние жүзінің халықтары бір-бірімен шамамен қанша тілде қарым- 
қатынас жасайды? 
7. Дүниежүзілік тілдерге қандай тілдер жатады? 
8. Генеологиялық сұрыптау бойынша тілдер қандай белгілеріне қарай
жүйеленеді? 
9. Қазақ тілі генеологиялық жүйесі жағынан қандай тілге жатады ? 
Қазақ тіліне жақын тілдер қай тілдер? 


10. Қазақ тілі типологиясы жағынан қандай тілге жатады ? Тілдегі
агглютинация-қандай құбылыс? 
11. Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл? 
12. Қазақ әдеби тілінің негізін салушылар кімдер? 
13. Тіл туралы заңда мемлекеттік тіл деген ұғымға қандай анықтама
берілген? 
14.Қазақ тіл білімі қандай негізгі салалардан тұрады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет