Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет113/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1). Грамматика қандай негізгі екі саладан тұрады ?
2). Морфология нені қарастырады ?
3) Морфеме деген не ? Морфемалар өз ішінен нешеге бөлінеді ?
4) Сөздің қандай бөлшегі негізгі морфеме деп аталады ?
5) Көмекші морфеме деген не ?
6) Қандай сөздердің тобы сөз таптары деп аталады ? Сөздерді дұрыс 
таптастыру үшін олардың қандай жақтарын ескеру керек ?
7) Қазақ тілінде сөз табы нешеу ?
8) Қандай сөздер көмекші сөздер деп аталады ?
9) Модальдық сөздер деген не ?


 
 
 
З А Т Е С І М
 
§ 51. Зат есім туралы түсінік 
 
Қазақ тіліндегі сөздердің бір үлкен тобы — зат есім. Олар белгілі 
нәрсенің, заттың, заттық ұғым-түсініктердің атауы ретінде қолданылады. 
Мысалы: 
аспан, жер, тау, тас, орман, көл, ел, халық, қала, үй, аң, құс,
арыстан, бақа, шыбын т. б.
Белгілі затқа, нәрсеге, жаратылыс құбылыстары мен қоғамдық
құбылыстарға, заттық ұғымдарға қойылған атауларды з а т е с і м
дейді. 
Зат есім сөздері к і м ? н е ? деген сұрақтардың біріне жауап береді.
К і м ? деген сұрақ қазақ тілінде адамды, адамның кәсібі мен мамандығын 
және туыстық атауларды білдіретін сөздерге қойылады. Мысалы: 
адам,ата, 
ана, ұл, қыз, дос, жолдас, студент,оқытушы, ғарышкер ,балдыз, құдағи, 
көрші, әріптес т.б.
Н е ? деген сұрақ адамнан өзге жанды, жансыз нәрселердің бәріне де қойыла 
береді. Мысалы: 
сезім,ынта,баға, оқу, емтихан,сынақ,мал, сиыр, қоян, жел, 
су, аспан, жұлдыз, ғарыш т.б.
Зат есім сөздері қандай нәрселердің атауы болып келуіне байланысты 
мынандай ірі-ірі мағыналық топтарға бөлінеді: 1) адамзат, ғаламзат атаулары 
2) жалпы және жалқы зат есімдер 3) деректі және дерексіз зат есімдер 4) дара 
және жинақтық мағыналы зат есімдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет