Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Сілтеу есімдігі. Алыстағы не жақындағы нәрселерді сілтеп, нұсқап



Pdf көрінісі
бет184/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Сілтеу есімдігі. Алыстағы не жақындағы нәрселерді сілтеп, нұсқап 
көрсету үшін қолданылатын сөздерді с і л т е у е с і м д і г і дейді.
Сілтеу есімдіктеріне 
бұл, осы (осынау), ол, сол (сонау), мына (мынау). ана 
(анау), әне, міне 
деген сездер жатады. Бұл сілтеу есімдіктерінің мағыналары 
бірдей емес. Мағыналық жағынан бұларды екі топқа бөлуге болады. 


177 
1)
Бұл, осы мына, мынау, осынау, міне 
деген есімдіктер бір шама жақын 
тұрған нәрселерді сілтеп, нұсқап көрсету үшін қолданылады. 
2)
Ол, сол, ана, анау, сонау, әне 
деген есімдіктер алысырақтағы нәрселерді 
сілтеп көрсету үшін қолданылады. 
Сілтеу есімдіктері белгілі зат есім сөзінің алдында тіркесе айтылып, қ а й? 
деген сұраққа жауап беріп, атау тұлғада анықтауыш мүше болып келеді. 
Мысалы: 1) 
Бұл 
дәстүр Иван Грозный патшадан да бұрын басталған, тарихи 
өмір сүруіне байланысты жаугершілік заман туғызған, қазақ 
—қ
азақ болғалы 
келе жатқан дәстүр. (X. Е.) 
2. 
Сол 
ойын білдіре келіп, ол сүйікті ерінің 
алдына тек бір ғана сұрау қояды. (С. М.) 
Бұл сөйлемдегі 
бұл, сол 
деген сілтеу 
есімдіктері атау тұлғада өзінен кейінгі зат есім сөзіне тіркесе айтылып
анықтауыш болып тұр. 
Әне, міне 
деген сілтеу есімдіктері сөйлемге мүше болмай оқшауланып 
тұрады да, сөйлемнен үтір арқылы бөлініп отырады. Мысалы:
Міне, 
жұмыс 
та аяқталып қалды.
Сілтеу есімдіктері зат есім сөзімен тіркесіп айтылып, анықтауыш 
қызметінде колданылмай, заттық ұғымға айналып айтылса, зат есімнің 
үлгісімен көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Бұлардың көптелгенде және 
септелгенде, жіктеу есімдігі сиякты түбірдің соңындағы 
л 
дыбысы түсіп 
қалады. 
а) к ө п т е л у ү л г і с і: 
бұл+лар = бұлар, сол + лар = солар, ол + лар = олар, осы+лар, мына + лар. 
ә) т ә у е л д е н у ү л г і с і : 
Жақ 
бұл 
ол 
сол 

Бұным (мұным) 
оным 
соным 
II 
Бұның (мұның) бұныңыз 
(мұныңыз) 
оның 
оныңыз 
соның
соныңыз 
III 
Бұнысы (мұнысы) 
онысы 
сонысы 
б) с е п т е л у ү л г і с і : 
Атау 
бұл 
ол 
сол 
Осы (мына, ана) 
Ілік 
бұның (мұның) 
оның 
соның 
осының 
Барыс 
бұған 
оған 
соған 
осыған 


Табыс 
бұны (мұны) 
оны 
соны 
осыны 
Жатыс 
бұнда (мұнда) 
онда 
соңда 
осында (мынада) 
Шығыс 
бұдан (мұнан) 
онан 
сонан 
осынан
(осыдан) 
Көмект
ес 
бұнымен (мұны-
мен) 
онымен 
сонымен 
осымен 
Ескерту. 
Бұл, сол, ол
есімдіктері кейде 
бұ, со, о 
түрінде қолданыла береді. 
Мысалы

Бұ не істегенің? Со күні біз жүріп кеттік. О баста бұл есімдіктер, 
мүмкін, осы түрде қолданылған да болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет