Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 74. Негізгі және көмекші етістіктер



Pdf көрінісі
бет197/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 74. Негізгі және көмекші етістіктер 
 
Етістік сөздері лексикалық мағынасына және сөйлемдегі атқаратын 
қызметіне қарай негізгі етістік және көмекші етістік болып екіге бөлінеді. 
1.Негізгі етістік. Жеке тұрғанда қимылдық лексикалық мағынаға ие 
болып, өз алдына сөйлемнің дербес мүшесі болып қолданылатын етіс-
тікті н е г і з г і е т і с т і к дейді.
Мысалы: 
сөйле, оқы, сана, шегеле, айтқыз, ақта, үһле, екеуле, жаз.


2.Көмекші етістік. Сөйлем ішінде келіп толық мағына бере алмай-тын, өз 
алдына сөйлем мүшесі бола алмайтын, басқа бір толық мағыналы 
етістікке тіркесіп айтылып, сол етістіктің грамматикалық мағынасын 
тиянақтау үшін қолданылатын етістіктің түрін к ө м е к ш і е т і с т і к
дейді. 
Көмекші етістіктер күрделі етістіктің қүрамындағы есімше, көсемше 
түлғасында қолданылып, кимылдық ұғымға ие болатын негізгі етістіктерге 
жақтық,-шақтық грамматикалық ұғым беріп, сөйлемнің бастауышымен 
жақтастыру үшін қолданылады. Мысалы: 
Ол Анкара университетінде оқып 
жүр. Автобус тоқтап қалды. 
Бұл сөйлемдердегі 
оқып жүр, тоқтап қалды 
деген тіркестер бір қимылдық ұғымды білдіретін күрделі етістіктер де 
олардың ішін-де қимылдық, баяндауыштық ұғымға ие болып тұрған негізгі 
етістіктер — 
оқып, тоқтап 
деген көсемше тұлғалы сөздер. Өйткені бұл 
сөйлемдердегі айтылған ой оның оқығандығы, автобус-тың тоқтағандығы 
жайында болып тұр. Ал 
жүр, қалды 
деген сөздер негізгі етістікке біріншісінде 
осы шақтық, үшінші жақтық 
(оқып жүр) 
үғым беріп, бастауышпен 
байланыстыру үшін қолданылса, екіншісінде өткен шақтық, үшінші жақтық 
(тоқтап қалды) 
ұғым беріп, 
автобус 
деген бастауышпен байланыстыру үшін 
қолданылып тұр. 
Көмекші етістіктер күрделі етістіктердің жасалуында өте маңызды қызмет 
атқарады да, мағынасына және атқаратын қызметіне қарай екі түрлі болып 
келеді: 
а) арнаулы көмекші етістіктер, ә) ауыспалы көмекші етістіктер. 
а) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет