Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Ырықсыз етіс. Істі істеуші арнайы айтылмай, іспен, қимылмен



Pdf көрінісі
бет217/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Ырықсыз етіс. Істі істеуші арнайы айтылмай, іспен, қимылмен, 
амалмен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын 
көрсететін етістіктің түрін ы р ы қ с ы з е т і с дейді. 
Мысалы: 
хат 
жазылды.
 Киім 
ілінді.
 Мектеп үйінің іргесі 
қаланды.
Бұл 
сөйлемдердің грамматикалық бастауыштары – 
хат, киім, іргесі 
деген сөздер. 
Бірақ ол бастауыштар сөйлемнің 
жазылды, ілінді, қаланды 
деген етістік 
баяндауышындағы айтылған қимылды, амалды істеуші емес, керісінше, өздері 
сол баяндауыштағы қимылдың, амалдың әрекетіне ұшыраушы болып тұр. Ол 
қимылдар бастауыштың ырқынан тыс өзге бір субъект істегенінен болып тұр. 
Екінші сөзбен айтқанда, хат өздігінен жазылайын деп жазылған жоқ, киім 
ілінейін деп ілінген жоқ та, мектеп үйінің іргесі қаланайын деп қаланған жоқ. 
Оларды өзге біреу жазды, ілді, қалады. 
Ырықсыз етіс сабақты етістікке 
–л, -іл, -ыл 
жұрнағы жалғану арқылы 
жасалады. Ал ол етістіктердің соңы 
л 
дыбысына аяқталса немесе етістіктің 
негізінде
л 
дыбысы болса, ырықсыз етіс жұрнағы
 –н, -ын, -ін 
түрінде 
жалғанады. Мысалы: 
қаз+ыл+ды, тоқы+л+ды, сана+л+ды, ал+ын+ды, 
бөл+ін+ді, қала+н+ды, тала+н+ды, сөйле+н+ді. 
119-жаттығу. 
Мәтінді көшіріп, ырықсыз етісті тауып, ырықсыз етіс жұрнағын түбірден 
және өзінен кейінгі қосымшадан дефис арқылы бөліп жазыңдар. 
Құм Нарын қабат-қабат қатарланған, 
Қоңында қарағайы қалқаланған. 
Гүрілдеп бір жағында Каспий жатыр 
Айдынды, аспанды орай алқаланған... 
Теңізге теңбіл аспан төңкеріліп 
Толқында жұлдыз жүзіп жөңкеріліп, 


Керілген кең Каспийдің жарын керней, 
Көпірген күміс көбік көмкеріліп. 
Жарына соғып толқын толқынданып, 
Толқында көлеңкесі алтынданып, 
Аймалап аспан көктің дариясында, 
Алтын ай бейне жүзген алтын қайық. (Т. Ж.) 
5. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет