Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Етістіктің грамматикалық категориялары



Pdf көрінісі
бет220/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Етістіктің грамматикалық категориялары 
§ 82.
Етістіктің шақтары 
 
Етістік сөзінің лексикалық мағынасы іс, қимыл,амал, әрекетт білдіреді де
қимыл, амал мезгілімен байланысты болады.Ол қалада 
оқыды 
деген оқу 
амалының өткен уақытта болғандығы көрсетіледі. Мен институтта 
оқимын 
дегенде оқу амалының осы кезде болып жатқандығын білдіреді.Сен келесі 
жылы 
оқырсың 
дегенде екінші жақтағы адамның әлі оқымағандығы, алдағы 
уақытта оқитындығы көрсетіледі. 
Сөйтіп,
етістіктің лексикалық мағынасындағы қимыл, амалды белгілі 
мезгілмен байланыстырып көрсететін етістіктің түрін ш а қ к а т е г о 
р и я с ы дейді. 
Етістіктің үш шағы болады:1) өткен шақ, 2) осы шақ, 3) келер шақ. 
Белгілі шақта айтылған етістік I, II, III жақтардың бірінде жіктеліп 
айтылады. Етістіктің белгілі жақты көрсететін жіктік жалғау қосымшалары 
шақтық көрсеткіштерден, яғни көсемше мен есімшенің жұрнақтарынан және 



ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек 
жұрнақтарынан соң 
жалғанады. 
Мысалы:бар+а+мын, кел+е+мін, сана+й+мын, бар+ған+мын, 
кел+ген+мін, айт+қан+мын, бар+ды+м, кел+ді+м, айт+ты+м, бар+мақ+пын, 
жаз+бақ+пын, айт+пақ+пын. 
§ 83. Өткен шақ 
Іс, қимыл, амалдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын істелгенін, 
орыдалғанын көрсететін етістіктің шағы ө т к е н ш а қ деп аталады. 
Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай төрт түрлі 
болады:1) жедел өткен шақ, 2) ежелгі өткен шақ, 3) бұрынғы өткен шақ, 4) 
ауыспалы өткен шақ. 
1.Жедел өткен шақ. Іс, қимыл, амалдың сөйлеп тұрған уақыттан 
бұрын, бірақ таяу мезгілде істелгенін, орындалғанын үзілді-кесілді, 
тұжырымды түрде білдіретін етістіктің шағы ж е д е л ө т к е н ш а қ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет