Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Есімдер мен етістіктерден болған күрделі баяндауыштар



Pdf көрінісі
бет288/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

3.Есімдер мен етістіктерден болған күрделі баяндауыштар.
Есімдер мен етістіктер тіркесіп айтылып, бір сұраққа жауап беріп, күрделі 
баяндауыш болып келгенде, негізгі баяндауыштық ұғым есім сөзіне болады. 
Етістікер оларға көмекшілік қызметте қолданылады. Сондықтан көмекші 


етістіктер есім сөздеріне жақтық, шақтық грамматикалық мағына беріп, 
есімдердің баяндауыштық қызметін тиянақтау үшін жұмсалады.
Мұндай күрделі баяндауыштардың бірінші сөзі зат есім, сын есім, сан есім, 
есімдік, еліктеіуш сөздердің бірі блады да, екіншілері 
еді, екен, емес, ет, бол, 
көр 
сияқты көмекші етістіктердің бірі болады. Кейде өмекші ретінде 
керек, 
тиіс, шығар, болар, сияқты 
сөздердің бірі де қолданылады. Мысалы: 
1) Көк 
жасыл кең аллеялардың
бәрі де қазір кең 
арна секілді.
(Ә.Ә) 2) Я, Бексұлтан 
аға, аялдай тұрған 
жөн болар.
 3)Шынында, Сатқын, Баршагүлдің жанына 
тиетін 
сөз тастаған сияқты.
 (Ғ.Сл.) 4) Жұмысшы көпті қысқа дейін үйге 
орналастыру –мұның да бүгінгі зор 
уайымы еді.
 (Ғ.М.)
 
155 –жаттығу.
 
Төмендегі сөйлемдерден есімдер мен етістіктерден болған күрделі 
баяндауыштарды теріп жазып, олардың әрбір сыңарларының қандай сөз табы мен қандай 
тұлғада келіп тұрғандығын айтып беріңдер. 
1.Қуып айдап салу және жол емес. 2) Сол жауыз айтақтайды деп ит болушы 
ма ем. (М.Ә.) 3) Міне, сенің тентектігің осындай еді ғой. 4) Мен жылан шағып 
алған біреу ме деп қалсам. (Б.С.) 5) Содан кейін командир рұқсат берді. 6) 
Басындағы адам қазір –ақ теңізге құлап кеткелі тұрғандай. (Л.К.) 7) Біз бұрын 
екеу едік, енді үшеу болдық. 8) Алдыңғы эшелон шығысқа қарай жол тартты. 
(Ә.Ә) 9) Мәліш қойдың еті бөкеннің етіндей тығыз келеді. 10) Патша үкіметі 
ұлықтарының жазықсыз ұрғаны жалғыз Кенжетай емес. 11) Өйткені заңда 
жиырма беске келмеген жігіт болыс бола алмайды. 12) Әлде, сол жалауды 
тіккен осы ма екен? (С.М.) 13) Бәрі оны аңдып тұрған сияқты. 14) 
Сөйлемейтін, жиылысқа көп келмейтін бұл Иван осы Қарағандының кәрі 
тарихы тәрізді еді. (Ғ.М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет