еңкейді. Бәріміз де қонысқа тараймыз. Ертең елең-алаңда еңбек мейрамын
бастаймыз, - деп, жақсылық иегін шығыс беттегі шыңдарға қарай бір нұсқап
тоқтаған-ды (Ғ. Сл. ).
§ 115. Тура толықтауыш пен жанама толықтауыш
Толықтауыштар сөйлемдегі етістіктен болған мүшеге меңгеріліп, белгілі
септік жалғауы тұлғасында қолданылып, өзін меңгеретін етістіктен болған
мүшемен мағыналық жағынан тығыз байланысты болады. Байланысу түріне
қарай толықтауыштар екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш, 2) жанама
толықтауыш.
1. Тура толықтауыш.
Тура толықтауыштар морфологиялық тұлғалық
жағынан табыс септік жалғауында болып келеді де, өзін меңгеріп тұратын
етістікке мағына жағынан кірігіп тұрады. Ондай толықтауыш сөйлемде
айтылмаса, меңгеріп тұрған сабақты етістіктің мағынасы олқыланып, ой
жеткілікті түрде тиянақталмайды. Мысалы,
Ботакөз үйге от (ты) жақты (С.
М.)
деген сөйлемдегі
от
сөзі — тура толықтауыш. Оны сөйлемнен түсіріп,
Ботагөз үйге жақты
дейтін болсақ,
от (ты)
сезінің орны ойсырап тұрады,
сөйлемнің мағынасына айтарлықтай олқылық келтіреді, өйткені табыс
жалғаулы тура толықтауыш болатын сөздің мағынасы өзін меңгеріп тұрған
сабақты етістіктің мағынасымен ұласып кірігіп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: