Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


сөйлемдегі етістіктен болған баяндауыштың және етістіктен



Pdf көрінісі
бет292/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

сөйлемдегі етістіктен болған баяндауыштың және етістіктен 
болған басқа мүшелердің қимылдық мағынасын толықтырып, атау мен 
іліктен басқа септік жалғауларының бірінде келіп, солардың тікелей 
сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені т о л ы қ т а у ы ш 
дейді. 
Толықтауыш к і м д і ?, не н і ? , к і м г е ?, н е г е ? , к і м де ?,
н е д е?, к і м н е н ?, н е д е н ?, к і м м е н ?, н е м е н ?, к і м т у р а л ы ? ,
н е т у р а л ы ? к і м ж ө н і н д е ?, н е ж ө н і н д е ? деген сұрақтардың 
біріне жауап береді. 
1) 
Біздің кочегар 
хат 
(н е н і ?) 
жіберді. 
2) 
Мен 
сені 
(кімд і ?) 
өте 
сағындым. (Л. К.) 
3) 
Мен 
оны 
(н е н і ?) 
кейін білдім. 4)Өзеннен 
(н е д е н ?) 
өткелі он шақырым жүрдік. 
5) 
Жұманда 
(к і м д е ?) 
үн жоқ. (Ғ. Мүсір.) 
6) 
Осы кезек бір күні 
Алтынсарыға 
(кімге?) 
келді. 
7) 
Бізден
 
(кімнен?) 
айып 
алмас. 
8) 
Жіңішке 
жолмен 
(н е м е н ?) 
бір пар атты келеді. (С. М.)
Бұл сөйлемдердегі 
хат (ты), сені, оны 
деген сөздері табыс жалғауының 
жасырын, ашық түрлерінде тұрып, н е н і? К і м д і ? деген сұрауларға жауап 
беріп, 
жіберді, сағындым, білдім 
деген сабақты етістіктерге меңгеріліп, тура 
толықтауыш болып тұр. 
Өзеннен, бізден 
деген сөздер шығыс жалғауында 
келіп, 
Жұманда 
деген сөз жатыс жалғауында,
Алтынсарыға 
деген сөз барыс 
жалғауында, 
жолмен 
деген сөз көмектес жалғауында келіп, н е д е н ? к і м н 
е н ? к і м д е ? к і м г е ? н е м е н ? сұрауларына жауап беріп, 
өткелі, айып 
алмас, үн жоқ, келеді 
сөздеріне меңгеріліп, жанама толықтауыш болып тұр. 
Толықтауыштар, көбінесе, етістік баяндауышты толықтап тұрады. Бірақ 
сөйлем ішінде етістіктен болған бастауышты да, анықтауыш пен пысықтау-
ышты да, толықтауышты да толықтырып келе
 
береді. 
1. 
Мұнда әкімшілік тарапынан да, кәсіподақ комитеті тарапынан да 
міндеттеменің орындалуын тексеру, бақылау соңғы кезге дейін жеткіліксіз 
болды. («С. Қ».) 
2. 
Бірақ қаз тобына айқасқан белгісі көрінбейді. 
3) 
Ал 
Байқошқарға келгелі жинақталып жазылған жоқты. (С. Бег.) 
4) 
Атаңнан 
мылтық атуды да үйрен.


Бұл сөйлемдердегі толықтауыштар сөйлемнің әр түрлі мүшесін 
толықтырып тұр. Бірінші сөйлемде 
орындалуын 
деген табы септік жалғаулы 
толықтауыш 
тексеру, бақылау 
деген атау тұлғалы тұйық райлы етістіктен 
болған бастауышты; екінші сөйлемде 
тобына деген 
барыс жалғаулы 
толыктауыш 
айқасқан 
деген өткен шактық есімшеден болған аныктауышты; 
үшінші сөйлемде 
Байқошқарға 
деген барыс жалғаулы толықтауыш 
келгелі 
деген көсемшеден болған пысықтауышты; төртінші сөйлемдегі
мылтық

(ты) 
деген табыс жалғауының жасырын түріндегі толықтауыш 
атуды 
деген табыс 
жалғаулы тұйық райлы етістіктен болған толықтауышты толықтырып тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет