Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§127. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері



Pdf көрінісі
бет326/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§127. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері 
Жай сөйлемде үнемі сөйлем мүшелері бір-бірден келе бермейді. Кейде 
сөйлемнің белгілі бір мүшесі екеу я бірнешеу бо-лып та келеді. Мысалы, 
сөйлемде бір бастауыш, бірнеше баян-дауыш болуы да және, керісінше, бір 
баяндауыш, бірнеше бастауыш болуы да мүмкін. Сол сияқты бір сәйлемде 
тұрлаусыз мүшелердің әрқайсысы да бірнешеу болып келе береді. 
1)Ермек 
пен 
Едіге 
Өнербектің үйіне асыға кіріп барды. 

(С. Т.) 
2) 
Лена 
оған бір 
қарады 
да, 
шығып кетті. 
(В. О.)
 
3) 
Мен жүзім 
сатуға
, сауда 
жасауға 
дайындалып жатқан жоқпын. (В. Л.) 
Бірінші сөйлемде бір 
баяндауышқа ортактасып, к і м? деген сұраққа жауап беріп тұрған 
Ермек, 
Едіге 
деген екі бастауыш бар да, екінші сөйлемде бір бастауышпен 
байланысқан, не қ ы л д ы? деген сұраққа жауап беріп түрған 
қарады, шыгып 
кетті 
деген екі баяндауыш бар. Ал үшінші сөйлемде бір етістік 
 
баяндау-
ышқа меңгеріліп, неге? не істеуге? деген сұраққа жауап беріп тұрған 
сатуға, 
жасауға 
деген екі жанама толықтауыш бар. 
С ө й т і п, 
бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі-мен 
байланысып тұрған сөздерді с ө й л е м н і ң б і р ы ң ғ а й м ү ш е л е р 
і дейді. 
Бірыңғай мүше болуы үшін бір сөйлемде бір мүшенің екеу не бірнешеу 
болуы ғана шарт емес. Олардың, ең алдымен, ыңғайлас бір сұраққа жауап 
беруі шарт, екіншіден, сол сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысты болуы 
шарт. 


Кеше бөлімшеге тағы екі үлкен машина әкелді. 
Бұл сөйлемде 
екі, үлкен 
деген екі анықтауыш бар. Бірақ бұлар бірыңғай анықтауыш емес. Өйткені 
біріншісі н е ш е? деген сұраққа, екіншісі қ а н д а й? деген сүраққа жауап 
болып тұр. 
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір 
мүшесімен ғана байланысып тұратын болғандықтан, олар бір сөйлем ішінде 
нешеу болса да, морфологиялық тұлғалары жағынан бірдей болып келеді. 
Мысалы:
1) Тамыз маслихатына облыстық білім басқармасының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет