Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет328/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

астық, ет, сүт, көкөніс 
және 
жеміспен 
қамтамасыз 
ету үшін республикада керекті жағдайдың бәрі бар. («С. Қ.»)


299 
Бұл сөйлемнің көмектес септік жалғауындағы бірыңғай жанама толық-
тауыштардың алдыңғыларының көмектес септік жал ғау қосымшасы түсіріліп 
айтылған. 
Морфологиялық тұлғасына қарай, сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай 
сөйлемнің барлық мүшесі бірыңғай болып келе береді.
Бірыңғай бастауышқа мысал: 1) 
Мына сөйлеп тұрған 
радиоқабылдағыш, 
алты қанат ақ үйдің іші-сыртын алып тұрған 
жиһаздар 
— 
сол еңбектің 
айғағы. («Қ. Ә.») 2) Бүріскен 
мал 
мен жүдеген
жандар 
бағанадан бері 
Абайға үлкен ой салды. (М. Ә.)
Бірыңғай баяндауышқа мысал:
Белинский әрі 
философ,
 әрі саяси 
жетекші, 
әрі 
публицист, 
әрі 
халық адвокаты, 
әрі қанаушыларга 
үкімші 
болды. 
(«Қ. әд.») 
2) 
Бір батальон мен артиллерия 
артта, алыста. 
(Б. М-ұ.)

Бірыңғай толықтауышқа мысал: 
Сыйластықпен, жекжаттықпен немесе тіпті азынаулақ ақы берумен де
Ырғызбайға, Қүнанбай, Байсалдарға
сыйысып кетеді. (М. Ә.)

Бірыңғай анықтауышқа мысал: 
1) 
Кілемді, текеметті, алашалы, көрпелі, меймандос
мол үй. (М. Ә.) 
 
2) 
Сырт қарап отырған Абайға әженің кей де 
шерлі 
кейде 
мейірбан 
рақым 
күйі өзін тербетіп отырғандай
сезіледі. (М. Ә.)
Сөйлемдегі айтылған анықтауыштардың барлығы бірдей бірыңғай 
анықтауыштар бола бермейді. Бірыңғай анықтауыштарды сатылы 
анықтауыштар мен әр текті анықтауыштардан ажырата білу керек. 
Ілік жалғаулы анықтауыштар сейлемде біреу болмай, бірнешеу болып та келе 
береді. Мұндай ілік жалғаулы матаса байланысқан анықтауыштар тәуелдік 
жалғаулы бір сөзге қазықталмай, бірін-бірі анықтап барып, ең соңғысы 
арқылы негізгі анықталатын тәуелдік жалғаулы сөзді анықтап тұрады. Мыса-
лы: 
Ауылдың орталық көшесінің бойындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет