Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет342/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 135. Қыстырма сөздер 
Сөйлем мүшелерімен тікелей грамматикалық байланысы жоқ және 
өздері сөйлемге муше бола алмайтын, сөйлемдегі айтылған ойға, оқиғаға 
сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздерді не сөз тіркестерін қ 
ы с т ы р м а с ө з дейді. 
1)
Бәсе,
солай болады деп айтып едім ғой. (С. М.)
2) Ол, 
меніңше, 
тапсырманы орындамай келмейді. (Ғ. Мүсір.)
Бұл сөйлемдердегі
бәсе, меніңше 
деген сөздердің сөйлемнің өзге 
мүшелерімен грамматикалық байланысы жоқ, сондықтан сөйлемге мүше 
болып тұрған да жоқ. Бірінші сәйлемде 
бәсе 
сөзі өзінің айтқаны келгеніне 
сөйлеуші адамның' әбден разы екендігін көрсетсе, екінші сөйлемдегі 
меніңше 
сөзі
 
айтылған оқиғаға сөйлеушінің болжалмен қарайтындығын, өз пікірі ғана 
екендігін білдіреді. Қыстырма сөздер мынадай мағыналарда айтылады: 
1. Кейбір қыстырма сөздер сөйлемдегі айтылған ойға, оқиғаға сөйлеушінің 
көзі жеткендігін, нанымын білдіреді. Олар мыналар: 
әрине, әлбетте, сөз жоқ, 
дау жоқ,рас, расында, шынында, бәсе т. б.
\) Әрине, 
бұл оңай іс болмайды. (Т. А.) 2) 
Рас, 
қолайсыз екен-ау. (Ғ. М.) 
2. Қыстырма сөздердің бірқатары айтылған ойға біреудің болжауын
жорамалын және көзі жетпейтіндігін білдіреді. Олар: 
мүмкін, сірә, бәлкім, 
тегі, тегінде, меніңше, сеніңше, менің байқауымша, оның пікірінше 
т. т.


309 
Меніңше,
ел 
— 
көпшілік, момын шаруа. (С. М.)
3. Қейбір қыстырма сөздер сөйлемдегі айтылған ойдың, оқиғаның бұдан 
бұрын айтылған іске, оқиғаға байланысты екендігін білдіреді. 
Бұлар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет