Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет71/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 34. Кәсіптік лексика
 
Жалпыхалықтық тілде қолданылатын, белгілі тілдің сөздік құрамына енетін 
сөздер сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне бірдей түсінікті болып келеді. 
Ал жергілікті диалектіге енетін сөздер бір тілде сөйлейтін халықтың тұтас бір 
облысында, не бірнеше облысында тұратын адамдарға ғана түсінікті болып, 
өзге облыс адамдарына түсініксіз болады. 
Кейде бір облыста тұратын адамдардың күкөріс кәсібінің түріне байланысты 
сөз ерекшеліктері де кездесіп отырады. Мысалы , балық аулаумен кәсіп ететін 
жердің адамдары
ү к і (
мұз астынан балық аулау үшін ойылған ойық), 
п р о г о 
н 
(бір ойықтан екінші ойыққа дейін мұз астымен ауды жүргізетін ұзын сырық 
),
с ү й м е н 
(ағаш сабы бар мұз оятын ұшты темір) деген сияқты сөздерді, ал 
егінді шығырмен суаратын жердің қазақтары
е б е й 
(шығыр дөңгелегінің 
қимасы),
а у ы т
(шығыр суы құйылатын жер ), 
ж а й 
(шығыр суы жүретін 
кіші арық) деген сияқты сөздерді; Қарағанды кеншілері
л а в а 
(көмір 
шығаратын жер ), 
к р е п ш і л е р
(көмір алынған жерді ағашпен бекітушілер 
),
қ а й л а 
(көмір қазатын құрал ) деген сияқты сөздерді қолданады. 
Сөйтіп, 
белгілі бір мамандық пен кәсіп түрінің көлемінде ғана 
қолданылатын ұғымдардың, құрал-саймандардың, бұйымдардың 
атауларын білдіретін сөздерді к ә с і п т і к (профессионалдық ) л е к с и к 
а дейді. 
Кәсіптің лексиканың термин сөздерден айтарлықтай ерекшеліктері бар. 
Термин сөздер ғылымның бір саласының әдеби тілдегі жалпы халыққа бірдей 
түсінікті қалыптасқан атауы болса, кәсіптік сөздер ұсақ мамандыққа, кәсіптің 
түріне ғана байланысты болады да, сол мамандықпен айналысатын адамдарға 
ғана түсінікті болып, сол маңдағы шаруашылықтың өзге түрінде жұмыс 
істейтін адамдарға түсініксіз болуы да мүмкін.Кәсіптік сөздер қазақтың 
байырғы сөздерінен тиісті сөз тудырушы тәсілдер арқылы жасалуы да, орыс 
тілінен енген сөздер арқылы жасалуы да мүмкін. 
Үзіліс, кесте, қоңырау, соңғы қоңырау, тоқсан, семестр, сынақ, емтихан, 
ұлттық бірыңғай тестілеу, көрнекілік, курстық жұмыс, диплом жұмысы, 
түлек, білімгер, жаттығу, мазмұндама, шығарма, реферат т. б
. осы сияқты
сөздер білім беру саласына байланысты кәсіптік сөздер болып табылады. 
46 - жаттығу.
Мәтінді оқып шығып, кәсіптік сөздерді теріп жазыңыздар да оларға түсінік 
беріңіздер . Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдаланыңыздар. 
І.
Ертеде бір балықшы суды жағалап келе жатса, алыста күнмен шағылы-
сып, жалтырап дыраудай бір нәрсе көрінеді

Жақындап келсе, айналасындағы 
бір жымға денесінің көбін батырып, үлкендігі қайықтай бір нән балық жатыр 


73 
екен. Балықшы оны қолындағы жарағымен аулап ала алмайды. Көршісі Иван 
деген балықшының жарағы, ау-жадырасы бар екен. Екеуі ыдысқа мініп келеді 
де қортпаны аулап алады. 
ІІ. Жылқы мінезіне қарай да қазақ тілінде тұрақты атаулар қалыптасқан. 
Мәселен, жуас, асау, шәлкеш, үркек, тарпаң, шақар, қашаған, ерқашты, 
тістеуік, тебеген, шабан, қырщаңқы. Май айының аяғында, жайлауға келіп 
қонысымен бие бауы басталады. Әрбір бие байлайтын үй: желі, ноқта, қазық-
тоқпағына дейін дайындап, сәт деп есептелетін ашық күннің бірінде жылқы 
келісімен желі тартып, саууға жарайтын биелердің құлындарын түгелдей
байлайды. Кейбір шәлкеш биелерді сауу үшін құлын ноқтасының сабағымен 
биенің аттанар жақ алдыңғы аяғын тізесінен бүге көтеріп немесе мойнына 
құрық салып қояды ( Х. Арғ. ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет