Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелердің



Pdf көрінісі
бет346/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелердің 
ең кем дегенде бірі болса да, ондай жай сөйлемді ж а й ы л м а с ө й л е м
дейді. 
Жайылма сөйлемдер құрылысы жағынан шағын болуы да, күрделі болуы да 
мүмкін. 
1)Жас аңшы Жәнібек Бекболдың неге аңырғанын байқаған жоқ екен. (М. Ә.) 
2) 
Бұл қобалжуды Сәден жақсы біледі. (Ғ. Мүсір.) 
3) 
Әкім басын изей берді. 
(Ғ. М.) 
4) 
Мұхит қағазға үңілді. (Ғ. Сл.) 
182-жаттығу. 
Мәтінді оқып шығып, жалаң сөйлемдер мен жайылма сөйлемдерді 
айырыңдар. 
1) Олар да қарап отырған жоқ. 2) Сатқын жалтақтап қалды. 3) Бұл топқа осы 
тұста Қалует те кеп қосылған-ды. 
(Ғ. Сл.) 
4) Әңгімені шақылдаған балға даусы 
бұзды. 5) Мен оны дәлелдемей тынбаймын. 6) Сергей Петрович Щербаков — 
өмірдің қиын кезеңдерінен өтіп келген адам. 7) Козлов табады. 8) Мейрам 
далаға нұр жайнап шықты. (Ғ. 
М.) 
9) Шапалақ ду ете түсті. 10) Алтынсары 
үйіне жаяу кетті. 11) Бұлардың жүріп келе жатқан жолы — жалпақтығы бір 
ғана арба сыярлық ескі сүрлеу. 
(С. М.) 
12) Жәнібектің көңіліне бұл сөздер 
әбден қона бастады. 13) Сендердің қайта оралатын шамаңда мен бірдеме қып 
Қарагерді ұшырып бағармын. 
(М. Ә.) 
14) Мен жөнімді айттым. 15) Бұл сөз 
Гүлжаһанның намысына тиді. 
(Ә. Ә.) 
16) Ән бітті. 17) Сүйсінген жұрт ду қол 
соқты. 
§ 138. Толымды және толымсыз сөйлемдер 
 
Белгілі ойды білдіру үшін керекті мүшелері түгел айтылған сөйлемді
т о л ы м д ы с ө й л е м дейді. 


Толымды сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан ғана тұррып, жалаң 
сөйлем түрінде де, тұрлаусыз мүшелер араласып, жайылма сөйлем түрінде де 
қолданылуы мүмкін. 
1.
Қенет машина бөлімінен біздің качегар жоғары жүгіріп шықты. 
2) 
Командир рұқсат берді. (Л. К-) 
3) 
Халі мақтарлық емес. 
4) 
Шиыршық атқан 
қара көк ауыздықпен алысып ала жөнелді. 
5)
Ақмоншақ үндемеді. (М. Й.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет