Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


 Ыңғайлас салалас. Құрмаласқа енген жай сөйлемдердін арасын



Pdf көрінісі
бет359/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

1. Ыңғайлас салалас. Құрмаласқа енген жай сөйлемдердін арасын 
байланыстыратын жалғаулық болмай, екі сөйлемдегі оқиға бір кезде 
біріне-бірі іргелес айтылса, ы ң ғ а й л а с с а л а л а с с ө й л е м
делінеді.
Мұндай сөйлемдердің баяндауыштары, көбіне, бір морфологиялық тұлғада 
келіп, ыңғайласа байланысады. Мысалы: 1.
Тоймай жер әлек, тойғыза алмай 
нар әлек. (Ғ. М.) 
2. 
Жанекешев полктың жартысын Оралға аттандырды, өзі 
автомобильмен Сайхын жаққа барлау жүргізді. (С. Б.)
2

Қарсылықты салалас. Жалғаулықсыз байланысқан екі жай 
сөйлемнің мағыналары біріне-бірі қарама-қарсы болып келсе, қ а р с ы л 
ы қ т ы с а л а л а с делінеді.


Қарсылықты салалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің 
өзара қарама-қарсылық қатынастары, салаластың өзге түрімен салыстырған-
да, айқынырақ көрінеді. Өйткені мұндай қарсылық мәнді жалғаулытың 
айтылмағандығы айқын сезіліп тұрады.
Мысалы: 1) 
Маңайға құлақ түремін,
басқа дыбыс естілмейді. (С. М.) 
2) 
Қабышты екеуі біраз созғыламақ еді,Шығанақ оған ырық келтірмеді. (Ғ.
М.)
3. Түсіндірмелі (іліктес) салалас. Жалғаулықсыз, бір дауыс 
құйылысымен айтылып, интонация арқылы байланысқан екі не үш 
сөйлемнің біріншісіндегі айтылған ойды кейінгі сөйлемдер дәлдеп, соның 
түсінігі ретінде айтылса, ондай салаластың түрін (түсіндірмелі) і л і к 
т е с с а л а л а с с ө й л е м дейді.
Мысалы: 1) 
Шынын айтқанда, оны екі нәрсе қинады: бірі 
— 
әкесі, 
екіншісі 
— 
отряд жиыны. (М. И.) 
2) 
Абақтының терезесінен Алатаудың ақ 
бас шыңы сәукелеге ұқсайды: кеуде жағы қусырылып ұштала біткен. (3. Ш.) 
3) 
Оған өз тәжірибесі дәлел: сабаққа нашар еді, қазір әжептәуір түзеліп 
қалды. (3. Қ.)

Бұл сөйлемдердің үшеуі де жалғаулықсыз іліктес салалас құрмалас 
сөйлем. Бірінші және үшінші сөйлемдердің әрқайсысы үш жай сөйлемнен 
келіп, бірінші сөйлемдегі айтылған ойды екінші, үшінші жай сөлемдердегі ой 
саралап түсіндіріп тұр. Екінші кұрмалас сөйлем екі жай сөйлемнен тұр да, 
бірінші сөйлемнің мағынасын екінші жай сөйлем баяндап тұр. 
4.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет