Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР



Pdf көрінісі
бет358/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
 
§ 144
.
Салалас құрмалас сөйлемдер туралы жалпы түсінік 
Бір-бірімен мағыналық жағынан тең дәрежеде байланысып, бір 
күрделі ойды білдіріп тұратын жай сөйлемдердің тобын с а л а л а с
қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді.
Салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғалары үнемі 
тиянақты түрде қолданылады, яғни не ашық райлы етістіктерден, не есім 
сөздері мен көмекші етістіктердің тіркесінен болып келеді. Мысалы: 1) 
Сен 
өзің білесің, мен өмірде қорқу дегенді білмеуші едім ғой. (3. Ш.) 
2) 
Сөйлескен 
сайын Олжабек жанамалап таяна берді де, жаяу алқынуын қойып сөзін 
ширата берді. (Ғ. М.) 
Бұл екі салалас сөйлемнің байланысу тәсілі екі түрлі. 
Бірінші екі жай
 
сөйлемнің арасы ешқандай жалғаулықсыз, бір дауыс 
қүйылысымен айтылуынан интонация арқылы байланысып тұр. Ал соңғы екі 
сөйлемдегі ой бір-бірімен
де 
жалғаулық шылауының бірінші жай сөйлемнің 
етістік баяндауышына тіркесіп айтылуы арқылы байланысып түр. 
Осы жоғарыдағы сияқты бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан салалас 
кұрмаласқа енген жай сөйлемдер өзара байланысу амалына карай екі топқа 
бөлінеді: 1
) жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер, 2) жалғаулықты 
салалас құрмалас сөйлемдер. 
 
§ 145. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер 
 
Екі я одан да көп жай сөйлемдер ешқандай жалғаулықсыз тіркесіп, 
интонация арқылы байланысып, бір күрделі ойды білдіріп тұрса, ондай 


325 
сөйлемдер тобын ж а л ғ а у л ы қ с ы з с а л а л а с с ө й л е м д е р
дейді.
Мысалы: 
1) 
Медет Трофимнің жанынан әлі де кеткен жоқ еді, қыздар-
дың гүл тапсырар кезегі бұларға жеткен сияқты. (К. 0.) 
2) 
Рахимов телефон 
арқылы сөйлесіп еді, ол ешбір әскер жібермеген болып шықты. (3. Ш.) 
Бұл сөйлемдердің екеуі де салалас кұрмалас сөйлем. Өйткені бұлардың 
әрқайсысында дербес екі ой айтылған және ол екі ой өзара тең дәрежеде 
байланысқан екі жай сөйлем арқылы берілген. Бірақ бұл екі жай сөйлемді бір 
құрмалас сөйлемге байланыстырып тұрған ешқандай жалғаулық жоқ. Ол жай 
сөйлемдер мағыналық жақындығы арқылы және бір дауыс кұйылысымен 
интонация арқылы байланысып, бір күрделі ойды білдіріп тұр. Сондықтан бұл 
сөйлемдердің екеуі де жалғаусыз салалас сөйлемдер қатарына жатады. 
Жалғаулықсыз салаластар тілдің жалпы даму тарихында жалғаулықты 
салалас сөйлемдерден бұрын дамыған. Өйткені тіліміздің казіргі даму 
сатысындағы құрмаласқан жай сөйлемдердің арасын байланыстырып жүретін 
жалғаулық шылаулар бір кездердегі толық мағыналы жеке сөздер болған да, 
белгілі сөздерге тіркесіп ұстала келе бірте-бірте бастапқы лексикалық 
мағынасынан айырылып, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасын 
байланыстырып жүретін дәнекерлік қызмет атқарып, шылау сөздер 
категориясына ауысқан. Сондықтан жалғаулық шылау жоқ уақытта екі жай 
сөйлем ешқандай жалғаулықсыз-ақ мағыналық жақындығына қарай, 
интонация арқылы бір күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлем болып 
қалыптасқан. Кейін жалғаулықсыз салалас сөйлемдерден белгілі 
жалғаулықтар арқылы жалғаулықты салалас сөйлемдер дамып шыға 
бастайды. Жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің фольклорлық шығармаларда 
және ауызекі сөйлеу тілінде көбірек колданылып, жалғаулықты салалас 
сөйлемдердің жазба көркем әдеби шығармаларда көбірек қолданылатындығы 
да жоғарыдағы айтылған қағиданың дұрыстығын дәлелдейді.
Салалас құрмаластар предикатив сыңарларының өзара мағыналық қарым-
қатынасына қарай мынау сияқты төрт түрге бөлінеді:
1) ыңғайлас салалас, 2) қарсылықты салалас , 3) түсіндірмелі (іліктес) салалас, 
4) себеп-салдар салалас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет