Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


сөз жасау амалдарын с ө з т у д ы р у т ә с і л і деп атайды



Pdf көрінісі
бет86/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

сөз жасау амалдарын с ө з т у д ы р у т ә с і л і деп атайды.
Сөз тудыру дегеніміз-жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің 
жиынтығы.
Сөзжасам-қай тілде де өте ертеден келе жатқан тілдік құбылыс. Түркі 
тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық дәлел бола 
алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды 
сөздер болғаны белгілі. Олар туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше 
мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Көне жазба ескерткіштер тілінде 
жаңа сөздер жұрнақтар арқылы (
тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч)

сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы (
күн-түз, Темір-қапығ, Қара-
құм, Ілтеріс, арқыш-тіркіш, секіз он, йеті йүз. т.б. 
), сондай-ақ, бір сөздің 
бірнеше мағынада қолданылуы арқылы ( 
қат: 1. қабат, қатар; 2) жеміс 
(қарақат) 3) жануардың аты 4) қату (тоңу,жаурау, сұйықтан қатты күйге 
айналу) 5) араластыру ( сүт қату)
жасалғанын көреміз. Келтірілген 
мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның 
синтетикалық, аналитикалық, 
семантикалық
тәсілдерінің болғанын көрсетеді.
 
Тілдің сөздік құрамы үнемі байып, толығып отыруы, негізінен, тілдің ішкі 
мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз
қабылдау арқылы да тілдің сөздік құрамы үнемі толығып отырады. Бұл 
құбылыс қай тілге де жат емес және ертеден келе жатқан белгілі жағдай. 
Алайда сөз байлығының толығу арнасы, тілдің сөзжасам жүйесі сөзжасам 
тәсілдерімен тікелей байланысты. Тілдің ішкі мүмкіндіктері арқылы сөздік 
құрамды молайтып, тілге үнемі қосылып жатқан жаңа сөздердің бәрі де белгілі 
жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа 
сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Олардың жалпылық жақтары 
ескеріле отырып, жинақталып, төмендегідей үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл 
білімінде дәстүрге айналған. Олар: 1) с и н т е т и к а л ы қ ( м о р ф о л о г и я 


л ы қ ) т ә с і л , 2 ) а н а л и т и к ал ы қ ( с и н т а к с и с т і к ) т ә с і л ,
3) л е к с и к а – с е м а н т и к а л ы қ т ә с і л. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет