123
тән формалары болады. Ол-көптік жалғаулары, тәуелдік жалғаулары, септік
жалғаулары, жіктік жалғаулары. Яғни, зат есім сөздері сөйлем ішінде осы төрт
түрлі формада тұлғаланып қолданылады.
Зат есімнің сандық категориясы және оның көріну жолдары
Зат есім сөздерінің өзге сөз таптарынан негізгі бір ерекшелігі –бұлардың
жекеше және көпше түрінің болатындығы. Өйкені зат есім сөздері белгілі
заттың, заттық ұғымның атын білдіреді. Ал ол заттар мен ұғымдар біреу
болуы да, бірнешеу болуы да мүмкін.
Зат есім сөзі заттың біреу-ақ екендігін білдіріп тұрса, оны з а т е с і м
н і ң ж е к е ш е т ү р і (жекелік категориясы) дейді.
Мысалы:
кітап,
қалам, оқушы, үй, көл, ит, құс, арба.
Зат есім сөзі бір түрлі нәрсенің біреу емес, бірнешеу екендігін
көрсететін болса, оны з а т е с і м н і ң к ө п ш е т ү р і ( көптік
категориясы) дейді.
Мысалы: кітаптар, қаламдар, оқушылар, үйлер,
көлдер,
иттер, құстар, арбалар.
Зат есімнің сандық мағынасы - жекелік ұғым мен көптік ұғымның қарама-
қарсылығына құрылатын абстрактылы мағына. Ол жекелік мағынаны
білдіретін нөлдік жалғау және көптік мағынаны білдіретін көптік жалғау
арқылы көрінеді. Көптік жалғау қосымшасы зат есім сөзінің түбіріне қазақ
тіліндегі буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сай жалғанады:
а) сөздің түбірі дауысты дыбыстарға және үнді
Достарыңызбен бөлісу: