Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 53. Зат есім сөздерін тудыру тәсілдері



Pdf көрінісі
бет118/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 53. Зат есім сөздерін тудыру тәсілдері 
(зат есімнің сөзжасамы) 
Қазіргі тілімізде зат есім мағынасында қолданылып жүрген сөздердің 
барлығы бірдей бірден белгілі заттың атауын білдіретін түбірлік сөздер болған 
жоқ. Олардың бірқатары—зат есім сөзіне, бірқатары — өзге сөз таптарына 
жұрнақ жалғау арқылы жасалған туынды сөздер. Мысалы: 
жылқышы, 
жақсылық, білім, ілгек, оттық. 
Бұлардың біріншісі мен соңғысы зат есім 
сөзіне жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы туынды зат есім 
болып тұр. Екіншісінде сын есім сөзіне жұрнақ жалғанып, зат есім жасалып 
тұр. Ал үшінші және төртінші сөздер — етістік сөзіне жұрнақ жалғану арқылы 
жасалып тұрған туынды зат есімдер. 
Жаңа мағыналы сөз тудырудың ең негізгі жолы түбір сөзге жұрнақ жалғау 
арқылы болып отыратындығы сияқты, зат есім сөздерін туғызудың да ең 
негізгі өнімді тәсілі — түбір сөздерге жұрнақ жалғау. 
Түбір сөздерге жалғанып зат есім тудыратын жұрнақтарды үлкен екі топқа 
бөлуге болады: 
а) есімдерден зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар.
Бұл топқа енетін жұрнақтар зат есім сөзіне жалғанып жаңа мағыналы зат 
есім сөздерін немесе сын есім, сан есім сөздеріне жалғанып, зат есім сөздерін 
тудырады. Олар мыналар: 
1
.-шы

-ші
жұрнағы түбір сөзге жалғанып, адамның кәсібінің түрін, 
мамандығын білдіретін жаңа мағыналы сөз тудырады: Мысалы: 
жұмыс-шы,
домбыра-шы, ән-ші. 
2.
–қар,-кер, -ғар,-гер
жұрнағы тубір сөзге жалғанып, адамның кәсібінің түрін, 
мамандығын білдіретін жаңа мағыналы сөз тудырады: Мысалы: 
мұра-гер, 
жауын-гер, талап-кер, әмең-гер, сауда-гер, заң-гер, сахна-гер; 
3.
-дас, -дес,
 
-тас, -тес, 
-
лас, -лес
 
жұрнағы түбір сөзге жалғанып, ортақтық, 
ұжымдық, қарым-қатыстық ұғым беретін жаңа мағыналы туынды сөз 
тудырады. Мысалы: 
ауыл-дас, көрші + лес, ат-тас, ниет-тес, жол - дас, -құр-
дас;
4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет