Дауысты дыбыстар қазақ тілінде сөз ішінде дауыссыз дыбыстармен
араласып айтылады да дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, сөз
кұрауда үлкен орын алады. Мысалы,
терезе, балалық, тарақ, күрек
деген
сөздердегі дауыссыз дыбыстардың арасын ажыратып, дыбысталуын айқындап
тұрған — дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар айтылмаса,
трз, бллқ, трқ,
крк
болып, дауыссыз дыбыстар бір-бірінен ажыратылмай, сөздің мағынасы
бұзылар еді. Әрине, бұдан сөз құрайтын тек дауысты дыбыстар ғана деп
түсінуге болмайды. Дауыссыз дыбыстар айтылмаса, таза дауысты дыбыстар да
сөз құрай алмайды.
Дауысты дыбыстардың сапасы да, тілдегі қолданылуы да бірдей емес. Әрбір
дауысты дыбыстың өзіне тән атқаратын қызметі бар. Сонымен байланысты
дауысты дыбыстарды белгілейтін әріптердің өздеріне тән емлесі бар.
1.
а, е, ы. і
әріптері сөздің барлық буындарында жазыла береді. Мысалы:
ал,
ала; қала, балаларда; ел, еле; кереге; ыс, ыстық, іс, істік; білімді, кісілік.
Достарыңызбен бөлісу: