-дан, -ден, -нан, -нен,
-тан, -тен.
Бұл қосымшалар буын үндестігі бойынша сөздің соңғы буы-
нының жуан не жіңішке болуына қарай, жуан буыннан соң
-дан, -нан,
-тан
(тау-дан, орман-нан, бұлақ-тан)
түрінде жалғанады да, жіңішке
буыннан кейін
-ден, -нен, -тен
(көл-ден, өзен-нен, терек-тен)
түрінде
жалғанады.
Шығыс септік жалғаулары дыбыс үндестігі бойынша, сөздің соңғы ды-
бысының әуеніне қарай төмендегі сияқты түрде құбылып жалғанады:
1.Сөз дауысты, ұяң
з, ж
және үнді
л, р
дыбыстарының біріне аяқталса,
қосымша
-дан, -ден
(дала-дан, Ораз-дан, мал-дан, терезе-ден, жел-ден, ел-
ден, жер-ден)
түрінде жалғанады.
2. Сөз үнді
м, н, ң
дыбыстарына аяқталса және сөзге тәуелдік жалғаудың
III
жағы жалғанып тұрса, қосымша
-нан, -нен
(боран-нан, таң-нан, шам-нан,
баласы-нан, өзен-нен, сең-нен, үйі-нен)
түрінде жалғанады.
3. Сөз қатаң дауыссыз дыбыстардың біріне аяқталса, қосымша
-тан,
-тен
(болат-тан, тас-тан, ағаш-тан, сүйек-тен, күміс-тен)
түрінде
жалғанады.
Шығыс септік жалғаулы зат есім сөзі к і м н е н ? н е д е н ? сұрақтарына
жауап беріп тұрса, сөйлемде толықтауыш болады. Мысалы:
1)
Бірақ
Шығанақтан
жасыра алмады. (Ғ. М.) 2) Және
сауынынан
, көшер
көлігінен,
жалғыз-жарым
талшығынан
айрылу Жігітектің көп кедейіне
оңай, осал пәле болған жоқ. (М. Ә.)
3)
Достарыңызбен бөлісу: |