Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет139/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

жабағымды
мін де қаш. (Б. С.)
4) Жалқы есім сөздері көбіне табыс септік жалғаудың ашық турінде 
қолданылады. Мысалы: 1) 
Петрді 
ағаш басында бақылауда отырған Сергейге 
жібердім. (Ғ. Мүсір.) 
2) 
Оразбай, Жиренше топтары жаңа болыс болған 


Күнтуды 
ортаға алды. (М. Ә.) 
3) 
Ленинградты 
немістің әлі қоршап жатқан 
кезі. (Ғ. М.) 
4) 
Осы мінезін айтып
Мұхатты 
ажуалайтын. (Ғ. С.)
5) Зат есім сөзінің орнына жүретін есімдіктер де табыс септік жалғауының 
ашық түрінде қолданылады. Мысалы: 1) 
Оны 
атамай, Қайырбек Баршагүлді 
қалайды. (Ғ. Сл.) 2) 
Соны 
іздеймін деп, түстен былайғы жұмысым қалды, 
(Ғ. 
М.) 3) 
Қазіргі шақта Базаралы келгелі бір жұмадай болса да, 
оны 
қала ішінде 
қарсы алған көңілдес ағайын күндіз-түн қонақ етеді. (М. Ә.) 
73-жаттығу. 
Мәтінді оқып шығып, табыс жалғаулы сөздерді табыңдар. Олардың нсліктен 
ашық, жасырын түрде тұрғандығын түсіндіріңдер. 
Еламан ызылы еді, кітап оқып отырған Машаны көргесін ғана азырақ түсі 
жылыды (Ә. Нұрп.). Түс қайта қаруларымызды сайлап, резина қайықтарға 
отырдық («ҚӘ»). Снаряд жарылысынан пайда болған үйдей-үйдей толқындар 
қайықты аударып жіберді («ҚӘ»). Болған оқиғаны бастан-аяқ, ештеңесін 
жасырмай айтып берді (І.Е.). Бозторғай ертелі-кеш ән салып, көңілін көтеретін 
(М.Төр.). Терезенің алдында тұрған шамды ешкім өшірмепті. Нұрым басын 
көтеріп алды (Р.Тоқ.). Айғанша қолындағы балықты қамыс үстіне тастай 
салды да, екі жеңгесіне иек қақты (Ғ.Мұс.).
74 -жаттығу. 
Мәтінді оқып шығып, табыс жалғаулы сөздерді табыңдар. Олардын 
неліктен ашық, жасырын түрде тұрғандығын айтындар. 
Облыстық совдепке бағын, өкіметіңнің тұқымын құрт, войскаңды тарат деп 
Мартынов, Михеев, Емуганов, Акутин генералдарға әлдеқашан айтылды, 
съездің осындай қаулысы болды. Ақ генералдар мен елірген атты қазақ 
байларының қытығына тиеді екен деп революция туғызған совдепті мен мына 
столдың ішіне тығып қоя алмаймын және олардың қолында жүздіктер бар 
екен деп съезд бен облыстық атқару комитетінің белгілеген шараларын жүзеге 
асырмай, қол қусырып қарап отыруға, күштің теңелуін күтуге уақыт жоқ
уақыт болса да, мұндай қылмыс жасауға пролетариат алдында менің правом 
жоқ. Бұл — бір. Екінші, тұтқыннан қорықса, большевик партиясы әлдеқашан 
тарап кетер еді немесе Керенский сияқты абжылан социалистермен баяғыда 
келісім жасар еді. Сөйтіп, жұмысшының құлдық қамыты мойнынан
шаруаның қайыршылық шәркесі аяғынан түспес еді. Жоқ, революция алдында 
мұндай былқылдақ саясат пен ымырашыл бықсық әрекет жүргізуге және 
мұндай қылмысқа басқаларды итермелеуге менің ұжданым бармайды,— 
деп, Дмитриев басқалардың жүзінен достық шырай іздегендей, отырғандарды 
көзімен тегіс сүзіп өтті. 
(X. Е.)

5. 
Жатыс септік. 
Бұл септік жалғаудағы сөз етістіктен болған мүшемен 
жанама түрде байланысты болып, қимылдың орнын, мекенін білдіреді. Кейде 
септік жалғауда тұратын сөз лексикалық мағынасына қарай мезгілдік ұғымды 
да білдіреді. Мысалы: 1) 
Біздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет