Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Сапалық сын есімдер. Негізгі түбір күйінде заттың түрін, түсін



Pdf көрінісі
бет165/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

 Сапалық сын есімдер. Негізгі түбір күйінде заттың түрін, түсін, 
сипатын, сапасын тағы сол сияқты белгілерін білдіретін сын есім сөздерін
с а п а л ы қ с ы н е с і м дейді. 
Сапалық сын есімдерден шырай түрлерін 
тудыруға болады. Мысалы: сұр, сары, қара, көк, биік, үлкен, аласа, жұмсақ, 
қатты ,ауыр, жеңіл, жаман, жақсы, үлкен, кіші, семіз, арық, қалың, жұқа.
2)
Қатыстық сын есімдер. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы өзге 
сөз таптарынан жасалған туынды сын есім бір нәрсе мен екінші нәрсенің 
арақатынасын, байланысын білдірсе қ а т ы с т ы қ с ы н е с і м
дейді. 
 
Мысалы:
 орманды 
жер, 
қамысты 
көл, 
елсіз 
дала,
 қорғансыз
адам, 
саяси
мәселе,
 түскі
тамақ, 
басыңқы
сөйлем
, оралымды
жігіт, 
жалғамалы
тілдер, 
ымырашыл 
адам, 
кеңестік 
дәуір, 
қоғамдық 
жұмыс
, кіршең
мата т.т. 
Сын есімдер морфологиялық құрамына қарай 
жалаң сын есім 
және 
күрделі сын есім 
болып екіге бөлінеді. 
Жеке бір сөз бір нәрсенің сындық белгісін білдіріп тұрса, ж а л а ң
с ы н е с і м дейді. 
Мысалы: қызыл, жасыл, нәзік, кең, тар, ойлы, 
құнарсыз, сүзеген, сөзшең, жасқаншақ, көпшіл, еңгезердей, сенгіш. 
Екі не бірнеше сөздер тіркесіп немесе қосарланып айтылып, бір 
нәрсенің сындық белгісін білдіріп тұрса, к ү р д е л і с ы н
е с і м дейді.
Мысалы: теңбіл көк (ат), қара сұр (жігіт), ұзын бойлы 
 ( адам), қара бұйра сақалды (шал), азды-көпті (жұмыс), ойлы-қырлы (жер), 
үлкен-үлкен (үйлер),
 
ұзынды-қысқалы (көшелер).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет