Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Топтау сан есім. Затты даралап санамай, топ-тобымен санау үшін



Pdf көрінісі
бет178/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

5.Топтау сан есім. Затты даралап санамай, топ-тобымен санау үшін 
қолданатын сан есімнің түрін т о п т а у с а н е с і м дейді.
Топтау сан есімдер есептік сан есім сөздерінің бір түбірін қайталап немесе 
екі түрлі түбірін қосарлап, соңғысын шығыс септік жалғау тұлғасында 
қолдану арқылы жасалады да,
нешеден?, қаншадан?
деген сұрақтарға жауап 
береді. Мысалы: 
екі-екіден, төрт-төрттен, он-он бестен, жиырма-отыздан, 
елу-алпыстан т. б. 
Топтау сан есімдері тұлғасы жағынан қос сөз ретінде қолданылатын бол-
ғандықтан, сөзбен айтылса да, цифрмен аталса да , арасына дефис қойылып 
жазылады. 
Мысалы: Ұлттық Ұлан сарбаздары екі-екіден сапқа тұра қалды. 
Саптағы жігіттер 4-4-тен қатар келе жатыр. 

6. Болжалдық сан есім.
 
Заттың дәл санын білдірмей, сандық шамасын 
болжап көрсететін сан есімді б о л ж а л д ы қ с а н е с і м дейді. 
Болжалдық сан есім сөздері есептік сан есімдерден мына сияқты жолдармен 
жасалады: 
а) 
есептік сан есім сөздеріне
 
–лаған, -леген, -даған, -деген,- таған, -теген; 
-лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп 
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бұл 
жұрнақтар көбінесе ондық, жүздік сандарға жалғанады
. Мысалы: он
даған

жүз
деген
, мың
даған
,он
дап
, жүз
деп
, мың
дап
;
 
ә) есептік сан есімдерге көптік жалғау қосымшасы жалғанып, одан кейін 
септік жалғау қосымшаларының бірі жалғану арқылы да болжалдық сан есім 
жасалады. 
Мысалы: Педагогикалық практика қорытындысы бойынша 
конференция сағат
екілерде 
басталады. 
б) Есептік сан есім сөздерін қосарлап қолдану арқылы да болжалдық сан 
есім тудыруға болады. Мұндай сандар қос сөз ретінде дефис арқылы 
жазылады. 
Мысалы:Екі-үш рет ескерту жасалды. 

Кейде қосарланып айтылған есептік сан есімнің соңғы сыңарына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет