Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет194/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

109-жаттығу

Етістіктерді тауып, мағыналарына түсінік беріңіз, морфологиялық белгісін 
көрсетіңіз. 
1.Әсем ақ көк атты жайдақ мініп, екі торыны жетекке алып, бұл да өзенге 
қарай кетіп барады ( Ғ. Мүсір. ) 2. Толып жатқан жағалы киіммен жарғақ 
терідей құрысқан арық мойны тасбақаның мойнындай қылқиып, жылтыр 
табан мәсісімен Қожекең төрге әрең жетті ( М. Ә. ). 3. «Нартас-Шұғыла» 
жолаушылар автобусынан орта жолда бала көтерген жас әйел түсіп қалды
( Ш. М. ). 4. Әне, үйден ақ ала көйлек, жеңсіз камзол киген, басында үкілі 
тақиясы бар қыз шықты ( М. Сүнд. ). Үш жыл өтіп, төртінші жылға 
айналғанда, қыс түсіп, күн суыта Жаяу да оралды Ақшоқыға ( З. Ақ. ). 
§ 73. Етістіктердің жасалуы 
 
(Етістіктің сөзжасамы)
Өзге сөз таптары сияқты тілдің сөздік құрамындағы етістік сөздері де 
күнделікті тұрмыстың керегіне қарай тілдегі негізгі сөздік қорға жататын 
түбірлік сөздерден жасала отырып, сан жағынан көбейіп,үздіксіз дамып 
отырады. 
Сөз тудыру тәсіліне қарай етістіктер морфологиялық тұлғалық жағынан 
бес түрлі болып келеді: 1) негізгі түбір етістіктер, 2) туынды түбір етістіктер, 
3) біріккен түбір етістіктер, 4) тіркесті күрделі етістіктер мен құранды 
етістіктер, 5) тұрақты тіркесті етістіктер. 
1.
Негізгі түбір. 
Қазақ тілінің орыс тілі сияқты өзге жүйелі тілдерден негізгі 
бір айырмашылығы – етістіктің негізгі түбірі бұйрық райдың 2-жақ жекеше 
түріне тең. Мысалы: 
бар, жаз,оқы,айт,кел,кет
. Етістіктің бұл тұлғаларында 
болған істі,қимылды,амал,әрекетті білдірумен қатар,екінші жақтағы адамға 
сол қимыл,амал,әрекетті істеуді бұйыру мәні де бар. 
Жекеше тұрғанда болған істі, қимылды, амал, әрекетті білдіріп, морфо-
логиялық құрамы жағынан түбір мен жұрнаққа ажыратуға келмейтін 
етістікті н е г і з г і т ү б і р дейді. 
Мысалы: 
кес, жар, ал,шай ,сеп, қара, 
тоқы.


2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет