237
1.
Ескі
машиналарды тез жөндеңдер, әзір тұрсын деп мына кісіге
мұнан бес күн бұрын қақсадым, күні бүгінге дейін бір де-біреуі жөнделмепті.
(Ә. Ә.) 2.
Бұл қағаз келгенде, Абайдың айналасындағы топ сескеніп қалып еді,
бірақ Абай қынжылған жоқ.
(М. Ә.)
3. Сибирь мен Қазақстанның тың және
тыңайған жерлерін игеруге Отанның тұс-тұсынан жұрт аттанып жатқан шақ. 4.
Балалық шақта еңбек те, ермек те болған қозылар мен лақтардың, қой-
ешкілердің арасында асыр сап ойнаулары бізді қызықтырып жіберді.
(С. М.)
5.— Қуатым Сәтжан-ау, қайда болдың, аман барсың ба?—деп, ана лебізімен
қарсы алды.
(С. Бег.)
6. Бірде қатты, бірде рақымшыл, бірде ауыр, бірде жеңіл
сезімді көбінесе ақылға жеңдіретін ойлы қыз екенін істес адам тез-ақ түсінетін.
(Ғ. М.)
7. Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды.
(Ғ. Мұсір.)
8. Осы
мақтанышымды жеткізу үшін Раушанның жүзіне жалт етіп бір қарағаным ғана
есімде, одан әрі не болғанын білмеймін.
(Ә.
С.)
§ 96. Шылаулардың емлесі
Шылау сөздердің басым көпшілігі өздері байланысты толық
мағыналы
сөздерге
тіркесіп бөлек жазылады да, бірқатар шылаулар өзі қатысты
сөзбен
дефис арқылы бөлініп жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: