Негізгі және туынды сын есімдер ешқандай қосымшасыз есім сөздеріне
тіркесе айтылып, анықтауыш болады.
1)
Қарсысында отырған округтік сотта істейтін бір
күйгелек
жас жігіт
Вронскийдің сол түріне тіпті қарсы болып отыр. (Л. Т.)
2)
Айбаланың
әдемі
мінездері Асқарға ұнады. (С. М.)
3)
Тобылғы торы
бесті киіктей орғып ойнап
шыға берді. (Ғ. Мүсір.)
4)
Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұрынды,
шоқша сақалды, сұрғылт
беті
дөңгелек, жалпақтау
. (М. Ә.)
5)
Ауыр
танкілер сол көпірден өте бере оқты да төгіп жіберді. (Ә. Ә.) Зерделі қыздың
жүйрік
ойы қиялдағы жұмбақты іліп әкетті. (Ғ. Сл.)
2. Екі зат есім қатар келіп, біріншісі екінші зат есімнің неден істелгенін,
неге арналғанын, мекенін, өлшемдік мағынасын білдіріп тұрса, алдьңғысы
анықтауыш болады.
1)
Қонақ
үйде Лаврецкий кіргенде, Мария Дмитриевна жалғыз екен. (И. С.
Тур.)
2)
Ерсілі-қарсылы ұшқан үйрек, қаз, өзен бойында өрістеген
қора-қора
қой, қалың жылқы. (С. Бег.)
3. Ілік жалғаулы зат есім сөздері анықтауыш болады.
1)
Халықтың
қаһарман ұлдары осыдан қырық жыл бұрын болған
революция мен азамат соғысында осы үшін,
балаларының
бақытты
болашағы үшін қан төккен болатын. («Қ. М.»)
2)
Төрекелдінің
жүрегі алып
ұшады. (М. И.)
Достарыңызбен бөлісу: