Абайдан екі-үш жастай үлкен болса да, Жиренше, Ербол, Асылбектер
бұл кезде әбден жақын құрбы – құрдастай боп ап, өз маңдарындағы үлкеннен,
кәрі – құртаңнан есіткен шер, уайымды да ірікпей айтып келе беретін. (
М. Ә.) 2) Осы кезде жарылған бірер бомбаның гүрсілі естіліп, оған ілесе жапа
– тармағай зениткалардың атысы үдеп, аспан асты ың – жың боп кетті. (
Д. Т.)
Бүл екі сабақтас сөйлемнің екеуі де көп бағыныңкылы жарыспалы сабақтас
құрмалас сөйлем. Бұлардың әрқайсысында
екі бағыныңқы сөйлем бар да, бір
басыңқы сөйлем бар. Бағыныңқы сөйлемдер өз бетімен басыңқы сөйлемге
тура бағынып тұр. Яғни бірінші бағыныңқы сөйлемді де, екінші бағыныңқы
сөйлемді де басыңқы сөйлемге тіркеп айтуға бола береді.
Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемге енген бағыныңқы
сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысу тәсілі үнемі біркелкі бола
бермейді. Байланысу тәсіліне қарай екі түрлі болады: бірде бағыныңқы
сөйлемдер баяндауыш тұлғасы жағынан бірдей болып, бір сұраққа
жауап
беріп, басыңқы сөйлеммен байланысып тұрады да, бірыңғай жарыспалы са-
б а қт а с деп аталады. Мысалы:
1)
Свердловскіде жапалақтап қар жауып, көшелерде халық қатынап,
трамвайлар зырылдап, әр үйде түтін түтеп, дағдылы ырғағымен тіршілік
өтіп жатыр. (Д. Т.)
Бұл — көп бағыныңқылы бірыңғай жарыспалы сабақтас сөйлем. Өйткені
мұнда
төрт бағыныңқы сөйлем бар да, бір басыңқы сөйлем бар. Ол бағыныңқы
сөйлемдердің әрқайсысы тура басыңқы сөйлеммен байланысып тұр және
барлығының да баяндауыш тұлғасы өткен шақтық көсемшеде айтылып, қ а й т
і п? деген бір сұраққа жауап беріп тұр. Оны кестеге түсірсек, мынадай болар
еді:
б а с ы ң қ ы
дағдылы ырғағымен тіршілік өтіп жатыр.
I бағыныңқы
II бағыныңқы
III бағыныңқы
IV бағыныңқы
Свердловскіде
жапалақтап қар
жауып,
Көшелерде халық-
тар қатынап,
трамвайлар
зырылдап,
әр үйде түтін
түтеп,
Екінші жағдайда бағыныңқы сөйлемдер баяндауыш
тұлғасы жағынан әр
түрлі болып, әр түрлі сұраққа жауап беріп түрады да, ә р а л у а н ж а р ы с
п а л ы с а б а қ т а с с ө й л е м деп аталады. Мысалы:
Аталған жолмен биыл жүріп көрсек, шоқтала біткен ағаштардың
аралығында бұрын боп-боз боп далиып жататын далалардың көпшілігінің
тыңы көтеріліп, жолдың екі жиегі қара бұйра жамылтқы кигендей немесе
қараңғы түнде толқыған те ңіздей бұп-бұйра боп жатыр екен. (С. М.)
347
Бұл — көп бағыныңқылы әр алуан жарыспалы сабақтас сөйлем. Өйткені
бұл сабақтас
сөйлемде екі бағыныңқы, бір басыңқы сөйлем бар. Ол
бағыныңқы сөйлемнің әрқайсысы өз бетімен тікелей басыңқы сөйлеммен
байланысып тұр да,бағыныңқы сөйлемдердің баяндауыш тұлғасы әр турлі
болып, әр түрлі сұраққа жауап беріп тұр. Сонымен қатар бұл бағыныңқы
сөйлемдер басыңқыдағы айтылған ойды әр түрлі оқиғалары жағынан дәлдеп,
тиянақтап тұр. Сондықтан да бұл сөйлем әр алуан жарыспалы сабақтас сөйлем
деп аталады. Бұл сөйлемді кестеге түсірсек,
мынадай болып шығады
басыңқы сөйлем
Жолдың екі жиегі қара бұйра жамылтқы кигендей немесе қараңғы
түнде толқыған теңіздей бұп-бұйра боп жатыр екен.
I бағыныңқы
қ а й т с е к ?
II бағыныңқы
қ а й т і п ?
Аталған жолмен
биыл жүріп көрсек,
Шоқтала біткен ағаштардың аралығында
бұрын боп-боз боп далдиып жататын
далалардың көпшілігінің тыңы көтеріліп
Достарыңызбен бөлісу: